Нидерланды Корольдігінің елшісі АБҚО-да болды

Жарияланған күні: 16.11.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схермерспен кездесті.

Кездесуге Нидерланды Корольдігі елшілігінің саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі Ирина Бучинская, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі Жасұлан Қайыров, Орталықтың Даму және ынтымақтастық департаментінің директоры Айгерим Каримова қатысты.

Елшілік өкілдері азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ағымдағы қызметімен танысты. Кездесу барысында Лима Диас ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл, Қазақстандағы азаматтық секторды дамыту, ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру салаларын жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмыстар туралы айтып берді.
Тараптар қос елдің ҮЕҰ-ның адам құқықтарын қорғау, гендерлік саясат, құқықтың үстемдігі, сондай-ақ медиа саласында білім мен тәжірибе өзара алмасу мүмкіндігін қарастырды.

Айта кетейік, Нико Схермерс Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі ретінде осы жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеуде.