Жарияланған күні: 18.01.2021
2021 жылдың қаңтарынан бастап «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Америкалық бұрыштар» гранттық бағдарламасы шеңберінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің қоғаммен байланыс бөлімінің гранттық қолдауымен әлеуметтік жобаны іске асыруды бастайды.
Аталмыш жобаның мақсаты кәсіпкерлік қабілеттіліктерді дамыту және уәждемені арттыру арқылы тігін ісі/өндіріс және модельдеу саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқитын Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінің студент-қыздары арасында экономикалық тәуелсіздік деңгейін арттыруға ықпал ету болып табылады.
Жоба қатысушылардың жұмысқа орналасу және өзін-өзі жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту үшін кәсіпкерліктің бизнес жоспарлау, маркетинг, сату және коммуникация сияқты негізгі аспектілері бойынша бірқатар семинар-тренингтер, сондай-ақ сән тарихы бойынша семинар-тренингтер өткізуді көздейді.
Сонымен қатар, қыздардың әлеуетін дамытуға және уәждемесін арттыруға жәрдемдесу мақсатында диалог алаңын ұйымдастыру жоспарлануда. Диалог алаңының шеңберінде жоғарыда көрсетілген салалардағы білікті сарапшыларды тарта отырып, түрлі тақырыптарда бейресми кездесулер өткізілетін болады.
Бұдан басқа, қатысушылар алған білімдері негізінде практикалық тапсырмаларды орындайтын болады, сондай-ақ жобаның қорытындысы бойынша қатысушылар арасында театр қойылымына костюмдер тігу бойынша конкурс өткізіледі. Бұл, өз кезегінде, игерілген білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.
Жобаны жүзеге асыру барысы туралы одан әрі өзекті ақпаратты біздің ресми сайттан және әлеуметтік желілердегі парақшалардан алуға болады.