«Мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау. Болашаққа бағдар!» атты WEB форумы

Жарияланған күні: 28.11.2017


Қараша айының 28 күні, сағат 10-00 – 12-00 аралығында Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазмедиа орталығының 13 қабатында», «Мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау. Болашаққа бағдар!» атты WEB форумы, Қазақстан Республикасының аймақтарымен ВКС байланыс қосылу арқылы өтті.

Форумның мақсаты: Мемлекеттік жастар саясатының жариялаудағы заманауи тенденциялар енгізу, мемлекеттік жастар саясатын кәсіби деңгейде жүзеге асырудағы журналистер пулы мен жаңа медиа өкілдерін құру болып табылады.

WEB-форумға БАҚ, жаңа медиа өкілдері, министрліктердің, жастар ұйымдарының, білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметтерінің өкілдері, және басқа ұйымдардың баспасөз хатшылары және журналистика факультетінің студенттері қатысатын болды.

Іс-шараны ҚР Ақпарат және Коммуникациялар министірлігіне қарасты Орталық коммуникациялар қызметімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Дін істері мен азаматтық қоғам министірлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында «Белсенді жастар» ҮЕҰ-ы ұйымдастырылған.

Журналистермен қарым-қатынас ережелері. Мемлекеттік жастар саясатын жариялаудағы заманауи үрдістер. Медиа-жоспарлау және т.б. Бұл және басқа сұрақтарға www.informburo.kz порталының бас редакторы Михаил Дорофеев, «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-нің директоры Анастасия Щегорцова, журналистер Ерболат Мұхамеджан мен Руслан Желдібай жауап берді.