Басқарманың 2020 жылдың 3 маусымындағы № 21 шешімі негізінде “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2019 жылдың 25 желтоқсандағы №507 бұйрығымен бекітілген (2020 жылдың “27” ақпанындағы №72 енгізілген өзгерістермен) ҮЕҰ үшін гранттар беру жоспары негізінде 2020 жылдың 14 мамырында жарияланған конкурсқа қатысуға үкіметтік емес ұйымдардан (бұдан әрі – ҮЕҰ) өтінімдерді қабылдау мерзімін 2020 жылдың 5 маусымына дейін ұзарту туралы
Орталық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күні (5 маусым 2020 жыл) Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталады. Көрсетілген уақыттан кейін түскен ақпарат пен құжаттар есепке алынбайды және қаралмайды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – қағидалар) айқындалады және “азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ ресми сайтында орналастырылған және өтінімді дайындау алдында осы Ережелермен танысуды және келесі талаптарға сәйкестігін тексеруді ұсынамыз.
- үкіметтік емес ұйымдардың деректер базасында ҮЕҰ туралы мәліметтердің болуы туралы;
- жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеттері, сомасы, мерзімі, аумақтық қамту және күтілетін нәтиже бөлігінде гранттар жоспарына сәйкестігі;
- грант тақырыбының Жарғыға сәйкес өтініш беруші қызметінің мәні, мақсаттары мен түрлеріне сәйкестігі;
- Ереженің 10 тармағына сәйкестігі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімдерді қабылдау аяқталатын күн мен уақыттан кешіктірмей операторға почта байланысы және (немесе) қолма-қол және (немесе) веб-портал арқылы мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде мынадай құжаттарды қамтитын өтінімді қағаз және электрондық жеткізгіштерде енгізеді:
1) Қағидалардың 1-қосымшасына cәйкес нысан бойынша, үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;
2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;
4) Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны;
5) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге болжамды шығыстар сомасын көрсету арқылы (әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның сомасына белгіленген пайыздар шеңберінде) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығындар сметасы. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп, грантты іске асырумен тікелей байланысты емес және ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ұғынылады;
6) ұйым жарғысының көшірмесі;
7) соңғы есеп күніне ұйымның бухгалтерлік балансы;
8) ұсынылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламада көрсетілген әріптестер және (немесе) тартылатын мамандардың келісімі;
9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар.
Өтінімдерді пошта байланысы арқылы және (немесе) қолма-қол енгізген кезде құжаттар тігіледі және мөрмен (болған жағдайда) және өтініш берушінің бірінші басшысының, не оның орынбасарының қолымен бекітіледі.