Мемлекеттік гранттардың бірыңғай операторының төрағасы жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесу өткізді

Жарияланған күні: 25.06.2024


Астанада жергілікті атқарушы органдардың өкілдері үшін “Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктері” тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында Қазақстан өңірлеріндегі үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар бөлу мәселелері талқыланды.

Шараны алғы сөзбен ашқан «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың басқарма төрағасы Лима Диас Бірыңғай грант операторының басты миссиясы – Қазақстандағы мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардыңарасындағы өзара іс-қимыл тетігін жақсарту болыптабылатынын атап өтті.

“Біз – мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және донорлық ұйымдар арасындағы көпірміз. Күш-жігер мен ресурстарды шоғырландыру арқылы біз маңызды өзгерістерге қол жеткізуге және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысамыз. Біз ҮЕҰ мен азаматтық белсенділердің әлеуетін тек қаржылық қолдау арқылы ғана емес, өңірлерде әдістемелік, талдамалық, ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау көрсетуге де ерекше назар аударамыз”, — деп атап өтті Лима Диас.

Бірыңғай грант операторы 2 жылдың ішінде ЖАО тапсырысы бойынша өңірлерде 96 гранттық жобаны жүзеге асырды, оған 72 ҮЕҰ қатысты. Тек 2024 жылы 8 өңірде жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша 101 жоба жүзеге асырылуда.

Семинар соңында жергілікті атқарушы органдардыңөкілдері спикерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылдыңөзекті мәселелерін талқылады. Қатысушылар орталықтарапынан берілген ақпарат пен қолдау үшін, сондай-ақазаматтық қоғамның дамуына қосқан үлесі үшінризашылықтарын білдірді.