2020 жылғы 14 мамырда жарияланған үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстың нәтижесі бойынша, 56 ҮЕҰ-нан барлығы 78 өтінім келіп түсті. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 5 маусымында аяқталған болатын. Осы уақыт аралығында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қызметкерлерімен мынандай жұмыстар жүргізілді:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу ережесінің 10-тармағына сәйкестігін қарау;
2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №507 бұйрығымен бекітілген, үкіметтік емес ұйымдарға грант ұсыну жоспарына өтінімдердің сәйкестігін тексеру;
3) ҮЕҰ Деректер базасында мәліметтердің болуын және уақтылы берілуін тексеру;
4) Грант тақырыбының өтініш берушінің Жарғысына сәйкестігін тексеру.
Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша конкурсқа қатысу үшін ҮЕҰ жіберілген 78 өтінімнен:
Ереженің 13-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, мәліметтердің болмауы және ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтердің уақтылы ұсынылмауы себебінен 12 ҮЕҰ-нан 12 өтінім конкурсқа жіберілмеді.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың Ереженің 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 6 ҮЕҰ-нан 10 өтінім конкурсқа жіберілмеді.
Грант тақырыбының өтініш берушінің Жарғыға сәйкес мақсаты мен қызмет түрлеріне сәйкес келмеуіне байланысты 4 ҮЕҰ-нан 4 өтінім конкурсқа жіберілмеді.
Толтырылған өтінімдердің бекітілген жоспарға сәйкес келмеуіне байланысты 5 ҮЕҰ-нан 5 өтінім конкурсқа жіберілмеді.
Нәтижесінде, конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына 7 тақырып бойынша 29 ҮЕҰ-нан 47 өтінім жіберілді.