Мемлекеттік гранттар конкурсының аралық қорытындылары

Жарияланған күні: 27.02.2017


13.01.2017 күні “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранттарды үлестіру бойынша екінші конкурсты жариялады.Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығына сәйкес 2017 жылғы ақпанның 2 күні үкіметтік емес ұйымдардан екінші мемлекеттік гранттарға қатысуға бағытталған құжаттарды қабылдау мерзімі соңына жетті. Конкурста барлығы 47 жоба тақырып бойынша 229 ұйымдарнан 386 өтініш қабылдады.

Барлық өтінімдер жинақталғаннан кейін, үкіметтік емес ұйымдар туралы дерекқорымен ақпарат сәйкестігі жұмыстары, үкіметтік емес ұйымдардан мемлекеттік гранттар конкурсына қатысуға жолданған өтінім бағыты және құжаттардың толықтығы сәйкестігіне тексеріс жұмыстар жүргізілді.

Дерекқорда ақпарат толықтығын тексеру барысында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне конкурста қатысатын барлық ұйымдар тізімі жолданды. Берілген жауап бойынша барлығы 386 өтінімдердің арасынан 27 ұйымның 38 өтінімдері конкурста қатысуы тоқтатылды. Сонымен қатар, үш ұйым өтінімдері қағаз және электрондық нұсқаларында жіберілмегендіктен қабылданбады.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жоба бағыты және құжаттардың толықтығына сәйкестігіне тексеру жұмыстары барысында өтінімдердің 80% толық емес құжаттар тізімін жолданғанын анықтады. Аталған барлық ұйымдарға анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы хабарлама жолданды. Толықтырылған өтінімдерді зерделеу қорытындысы бойынша анықталған сәйкессіздіктерді жою жұмысы жүргізілмегендіктен немесе қайта толық құжаттарды жолдамағандықтан 22 ұйымның 19 өтінімнің конкурста қатысуы тоқтатылды.

Барлық тексеріс жұмыстары қорытындысы бойынша эксперттік комиссиямен талқылауға 49 үкіметтік емес ұйымдардың 62 (18%) өтінім жіберілмеді. Сонымен бірге, басқа жоба тақырыптары бойынша 49 үкіметтік емес ұйымның арасынан 5 ұйымның өтінімдері өтті.
Қазіргі таңда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы эксперттерге 185 ұйымдардың 323 өтінімдерді талқылауға жіберді. Эксперттік комиссия отырысы наурыздың 13-14 күндері өтеді.

Барлық қатысушыларға қызығушылық білдіргенге өз алғысымызды айтамыз және келешекте табыс тілейміз!