Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу құжаттарын қабылдау аяқталады

Жарияланған күні: 02.02.2017


«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды беруге екінші конкурс жариялайды.

Өтінімнің қағаз нұсқасы Z05E7C9 Астана қ., Шұбар ш.а. Елубай Тайбеков көшесі, 17 үй мекен – жайына, ал электронды нұсқасы grants@cisc.kz электронды поштасына жолданады. Өтінім беруші конкурсқа қатысушы құжаттарды grants@cisc.kz электронды поштасына жолдағаннан кейін, жүйемен хатты алғандығы туралы автоматты түрде растау жауабы жолданады.

Конкурсқа құжаттарды (өтінімді) қабылдау мерзімі – 2017 жылғы 14 қаңтардан бастап 2 ақпанды қоса есептегенде. Орталық қызметкерлерінің өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі – жұма күндері. Астана уақыты бойынша сағат 9-00 ден 18-00 аралығында (түскі үзіліс уақыты сағат 13-00 ден 14-30).
Өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі – 2017 жылғы 2 ақпан күні, сағат 18-00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).