МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды беруге екінші конкурс жариялайды

1.Тапсырыс беруші«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – Оператор).

2. Конкурс туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, Оператор, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар береді.
Мемлекеттік гранттарды беру конкурсына тарату жағдайында тұрған, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатылған ҮЕҰ-ды қоспағанда, ол туралы деректер ҮЕҰ туралы мәліметтер базасында сақталынған, грант беруге өтініш беруші ҮЕҰ қатыса алады.
ҮЕҰ мен бейіндік мемлекеттік органдардан ұсыныстар жинау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірлеген 2017 жылға арналған ҮЕҰ-ға гранттар беру жоспары (Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы «29» желтоқсандағы № 19 бұйрығы мен бұйрыған қосымшада «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2017 жылға арналған гранттар беру жоспары», төменде көрсетілген) аясында төмендегідей тақырыптар көзделген.
Жобаларды жүзеге асыру келесідей тәртіпте белгіленген:
Соммасы 10 000 000 теңге және одан аз соммадағы жобаларды жүзеге асыруға 7 ай беріледі, 2017 жылғы 1 сәуірінен бастап 31 қазан аралығы.
Соммасы 10 000 000 теңгеден жоғары жобаларды жүзеге асыруға 8 ай беріледі, 2017 жылғы 1 сәуірінен бастап 30 қараша аралығы.

 

3. Грант алу үшін қажет құжаттар тізімі

Мемлекеттік гранттарды беру конкурсына қатысуға өтінім қазақ немесе орыс тілдерінде қағаз және электрондық нұсқада (USB флеш карта немесе CD дискіде) беріледі, сонымен қатар берілген электронды нұсқа қайтарылмай, өтінімнің электронды нұсқасы ретінде сақталады.

Электронды нұсқадағы өтінім ұйым басшының қолы және мөрі бар, MsWord үлгісі және сканерлерген PDF үлгілерінде болуы тиіс. Өтінімдер нөмірленген және тігілген түрде тезтікпеде қабылданады.

Бір ҮЕҰ бірнеше өтінімдер жолданған жағдайда, әрбір өтінімді бөлек хатпен электронды поштаға, электронды нұсқаны және тігілген папканы көрсетілген мерзімде жолдауларыңызды сұраймыз. Поштамен құжаттарды жолдаған кезде, Қазпоштадан құжаттың кеткен мерзімі көрсетілген растау құжатын қоса жолдауы тиіс.

Конкурсқа қатысушы үшін өтінімге мынадай құжаттар кіреді:

– грант алу үшін өтініш (1 қосымша);

– өтініш берушінің сауалнамасы (2 қосымша);

– әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның төлқұжаты (3 қосымша);

– әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асырудың күнтізбелік жоспарының жобасы (4 қосымша);

– әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асырудың шығындар сметасы, онда әлеуметтік жоба/әлеуметтік бағдарлама барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалатын шығынның болжамды сомасын көрсету керек (әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның сомасына қатысты белгіленген пайыз шеңберінде – 10%-дан артық емес). Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп отырғанымыз грантты іске асырумен тікелей қатысы жоқ және ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу (5 қосымша);

– заңды тұлғаның мөрімен расталған бірінші басшыны тағайындау/сайлау туралы құжат көшірмесі;

– операторға құжаттарды беру, грант беру туралы келісім-шартқа және осындай тапсырмалармен байланысты басқа да құжаттарға қол қою үшін тұлғаға құқық беретін құжат;

– мадақтама қағаздардың, сертификаттардың, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда);

– өтінім толтырылған күн, қолы.

Өтініш беруші ұсынылған құжаттарды бірыңғай папкаға жинақтап, көрсетілген құжаттарға сәйкес беттерді нөмірлейді.

Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың толық болуы мен онда көрсетілген мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз етеді.

4. Өтінімдерді жолдайтын пошталық мекен-жай және электронды поштаның мекен-жайы. Өтінімдерді қабылдау мерзімі

Өтінімнің қағаз нұсқасы Z05E7C9 Астана қ., Шұбар ш.а. Елубай Тайбеков көшесі, 17 үй мекен – жайына, ал электронды нұсқасы grants@cisc.kz электронды поштасына жолданады. Өтінім беруші конкурсқа қатысушы құжаттарды grants@cisc.kz электронды поштасына жолдағаннан кейін, жүйемен хатты алғандығы туралы автоматты түрде растау жауабы жолданады.

Конкурсқа құжаттарды (өтінімді) қабылдау мерзімі – 2017 жылғы 14 қаңтардан бастап 2 ақпанды қоса есептегенде. Орталық қызметкерлерінің өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі – жұма күндері. Астана уақыты бойынша сағат 9-00 ден 18-00 аралығында (түскі үзіліс уақыты сағат 13-00 ден 14-30).

Өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі – 2017 жылғы 2 ақпан күні, сағат 18-00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).

5. Ақпараттық жиналысты өткізу мерзімі

Конкурсқа қатысуға құжаттар тапсыру тәртібін түсіндіру, сондай-ақ туындаған сұрақтарға жауап беру үшін жиналыс 2017 жылғы 20 қаңтар күні сағат 11-00-де (Астана уақыты бойынша) «Нұр Отан» партиясының Орталық Аппаратының конференц-залында, Астана қ., Қонаев к., 12/1, 4 қабат, 406 кабинет мекен-жайы бойынша өтеді.

Жиналысқа қатысуға байланысты шығындарды Оператор төлемейді. Сондай-ақ, жиналысқа ғаламтор байланысы арқылы да қатысуға болады. Өңірлердегі ҮЕҰ өкілдері үшін «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдарының кеңселерінде интернет арқылы бейнеконференция ұйымдастырылады (байланыс телефондары №6 қосымшада қоса берілген).

Ғимаратқа тізім арқылы кіргізілетіндіктен, барлық мекемелерден 17 қаңтар сағат 16.00-ге дейін ұйым атынан қатысатын адамдардың тізімін, онда ҮЕҰ атауын, жиналысқа қатысатын адамның аты-жөнін және телефонын көрсетіп, Орталықтың junussov@cisc.kz электронды поштасына жіберуді сұраймыз.

6. Өтінімдерді бағалау өлшемдері

Сарапшылық комиссия өтінімді төмендегі өлшемдер бойынша 1-ден 10-ға дейін ұпай беру арқылы бағалайды:

1) ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның қойған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталуы:

– ұсынылып отырған әлеуметтік жоба/әлеуметтік бағдарлама нәтижесінің нақты баяндалуы;

– ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның күтілетін нәтижесі мақсаттарға қол жеткізуге қалайша апаратынын нақты баяндау;

– жобаның орындалуын және нәтижеге қол жеткізуін мониторингілеу және ішкі бақылау жоспары.

2) ұсынылып отырған жобаның тиімділігі:

– болашақта, алған грантты іске асыру аяқталған соң үкіметтік емес ұйымдар үшін жобаны іске асыруды жалғастыру мүмкіндігі;

– жобалық ұсыныста сипатталған қызметтің әлеуметтік жоба/әлеуметтік бағдарлама сомасына сәйкестігі;

– жобалық ұсыныс сомасында көрсетілген болжамды шығындардың әлеуметтік жоба/әлеуметтік бағдарлама іске асырылатын елді мекендегі нарықтық бағадан артық болмауы.

3) тұрғындарды қамтуы;

4) әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның негізгі адрестік топтарының тартылуы, қатысуы;

5) әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асыру үшін қажет болжамды қаражат көлемі;

6) мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

7) жоспарланған іс-шаралардың Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарында анықталған мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсері;

8) әлеуметтік жобалардың/әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігін бағалайтын индикаторлардың болуы;

9) ұсынылып отырған әлеуметтік жобаларды/әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру әдістерінің жаңашылдығы мен бәсекеге қабілеттілігі;

10) әлеуметтік жобаларды/әлеуметтік бағдарламаларды пайдалану мүмкіндігін бағалау.

7. ҮЕҰ-ға грант беру конкурсын қорытындылау мерзімі

ҮЕҰ-ға арналған гранттарды беру конкурсы 2017 жылдың 14 наурызына дейін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтында қорытындыланады.

8. Мекен-жайы және байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат пен сұрақтарға жауап алу үшін Гранттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мониторинг департаментінің менеджерлері 8-7172-280-249 (Абулова Мунира Серікқызына), 8-7172-280-234 (Жүнісов Дамир Дәулетұлына) немесе info@cisc.kz электронды поштасына хабарласуға болады.