«Мемлекеттік басқару үдерісінде жалпыұлттық диалогты және азаматтық қатысуды дамыту. Қазақстанның VII Азаматтық Форумын өткізу» грантын іске асыру бойынша қорытындылар

Жарияланған күні: 13.04.2017


«Мемлекеттік басқару үдерісінде жалпыұлттық диалогты және азаматтық қатысуды дамыту. Қазақстанның VII Азаматтық Форумын өткізу»

Грант алушы: «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ

Грант сомасы: 30 000 000 теңге

Жүзеге асыру мерзімі: 2017 жыл 20 қыркүйек – 7 желтоқсан

«Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Мемлекеттік басқару үдерісінде жалпыұлттық диалогты және азаматтық қатысуды дамыту» жобасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантының иегері болды. Қазақстанның VII Азаматтық Форумын өткізу». Жоба аясында келесі іс шаралар ұйымдастырылды: өңірлерде ҮЕҰ- мен кездесу; әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі; «Таным» республикалық сайысы және қазақстанның VII Азаматтық форумы».

1. Өңірлерде ҮЕҰ-мен кездесу

2016 жылғы 25 қазан еліміздің өңірлерінде үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер басталды, мақсат – азаматтық сектордың жұмысын, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдармен жұмысты жетілдіру үшін ұсыныстар жасау және талқылау. Бірінші кездесулер Астана және Қостанай қалаларында өтті және Қазақстан Республикасының барлық 16 өңірін қамтыды. Кездесу ұйымдастырушылары Қазақстанның Азаматтық альянсының өңірлік өкілдері. Кездесулер аясында 30-дан астам ұсынымдар жасалды. Бұл ұсынымдар VII Азаматтық форумында ұсынылды.

2. Республикалық «Таным» сайысы

Азаматтық қоғамды дамыытуда ҮЕҰ қызметінің жетістіктерін қоғамдық тану мақсатында 10 қазаннан 25 қарашаға дейін «Таным» республикалық конкурсы өтті. Сайыс екі кезеңде өтті: 10 –шы және 30-шы қазанға дейін – сайысқа қатысуға өтініш қабылдау және іріктеу және 1- ші және 15-ші қарашаға дейін – онлайн-дауыс беру.

Барлығы сайыстың ұйымдастыру комитетіне ҮЕҰ, мемлекеттік ұйымдар және жеке тұлғалардан 152 өтініш түсті. Жеңімпаздар 15 номинация бойынша анықталды және VII Азаматтық форумында марапатталды.

Лауреаттар туралы ақпарат:

1. «Адам құқығын қорғау және дамыту» – «Право» қоғамдық қоры

2. «Балалар – біздің болашағымыз» – «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы

3. «Шекарасыз әлем» – Ақтөбе қаласының «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігі.

4. «Әртүрлі тұлғалар, әртүрлі мүмкіндіктер» –«Школа женского лидерства» ҚБ Маңғыстау.

5. «Селода азаматтық бастама» – «Береке» қоғамдық бірлестігі.

6. «Салауатты ұлт – гүлденген Қазақстан» – «Жас дарынды демеуші «Жас Дарын».

7. «Таза планета» – «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» қоғамдық бірлестігі.

8. «Жыл дебюті» – «Менеджментті дамыту Қазақстандық қоры» қоғамдық қоры.

9. «Волонтерлікті дамытуға және алға жылжытуға үлес» – «Жүректен жүрекке» Қоғамдық қоры.

10. «Өмір үшін» – «Алма-Ата» әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігі.

11. «Партнерство на благо гражданам» – Қазақстан Республикасының «Союз Чернобыль» заңды тұлғалар ассоциациясы.

12. «Белсенді азаматтық позиция» – пәтер иелері тұтыну кооперативтерінің Петропавл өңірлік ассоциациясы

13. «Жасампаздық» – «Діндерді зерттеу орталықтары ассоциациясы» ЗТБ.

14. «Азаматтық қоғам қалыптасуына үлес» – Нұрғалиева Еңлік Нұрғалиқызы

3. Әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі

15 қазаннан 15 қарашаға дейін Қазақстанның Азаматтық Альянсы http://yarmarka.gakaz.kz/ сайтында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізілді. Түскен 100 өтініш ішінен сайысқа әлеуметтік маңыздылық, өзектілігі және жаңашылдығы, адрестілігі және қазіргі технологияларды, кқолдануы, мәселелерді шешу әдістері мен формалары сияқты өлшемдерге сәйкес келетін 74 жоба жіберілді. Бұдан басқа, жобаның шындылығы, тұрақтылығы және болашақ дамуы бағаланды. Жеңімпазды марапаттау VII Азаматтық Форумында өтті. Онлайн-дауыс беру нәтижесі бойынша «Коррекциялық қабинет» жобасымен Талдықорған қаласынан «Атамирас» ҚБ жәрмеңке жеңімпазы атанды. Қоғамдық бірлестік сөйлеу кемістігі бар балалармен жұмыс істеуге 1 млн тенге сомасына жабдықтар жинағын алды.

4. Қазақстанның VII Азаматтық форумы

Қазақстанның Азаматтық форумы – мемлекеттің және Қазақстанның мемлекеттік емес ұйымдарының ірі диалогтық алаңы, ол 2 жылда бір рет өтеді. 2016 жылы форумда Қазақстанның 16 өңірінен 400 аса МЕҰ өкілдері қатысты, одан басқа, мемлекеттік емес сектор алдында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев сөз сөйледі, диалогтық алаңдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гульшара Абдыхаликова және Премьер-Министр орынбасары Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

Қонақтар мен форум қатысушылары ҮЕҰ тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері көрмесін аралады. Көрме кеңістігі үш бағыт бойынша стендтерден құрылды:

· «Мемлекет басшысының азаматтық қоғам дамуы мен қалыптасуындағы рөлі»;

· «Мемлекет және ҮЕҰ: серіктестік сандарда»

· Өңірлік ҮЕҰ

Азаматтық форум алаңындарында талқыланатын тақырыптар:

– Азаматтық қадағалау

– Әлеуметтік жобаларды қаржыландыру рәсімдерін жетілдіру

– Қазақстандағы казіргі заманғы білім берудің өзекті мәселелері

– Жергілікті өзін- өзі басқаруды жетілдіру

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: енгізу және күтілетін нәтижелер

– Жергілікті полиция қызметімен азаматтық қоғамның өзара әрекеті

– Үкіметтің есеп беруге міндеттілігі және

– Азаматтық сектордың дамуының Халықаралық тәжірибесі

VII Азаматтық форум өткізу барысында, әр түрлі мақсатты топтары ҚР бейінді министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кездесу, жеке тақырыптық тақырыптарды талқылау, өздерінің ұсыныстарын жасауға және әсер және қоғам мәселелерін шешуде көмек көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Жоба нәтижесі:

– Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев төрағалығымен ҮЕҰ әрекеттестегі Координациялық Кеңес отырысында ұсыныстар берілді және 2017-2018 жылдарға VII Азаматтық форум іс-шаралар Жоспарының негізіне енді.

– Диалогтық алаңдар ұйымдастыру арқасында жергілікті және республикалық деңгейде мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасында диалог құрылды