«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНШАҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫ МДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.
- Конкурс туралы
Оператор «Маңғыстау жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттар беруге Конкурс жариялайды.
Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.
- 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған Конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Мәселенің қысқаша сипаттамасы | Қаржыландыру көлемі | Грант түрі | Нысаналы индикатор | |
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы | |||||||
1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы жастарын әлеуметтендіру | Маңғыстау облысындағы мемлекеттік жастар саясатын сапалы әрі жүйелі іске асыру – аймақтың барлық елді мекеніндегі жастарға арналған мүмкіндіктердің тең болуы болып табылады.
Қазіргі таңда 14-35 жас аралығында Жаңаөзен қаласы бойынша 52 668 жас, Қарақия ауданы бойынша 12 549 жас тұрады. Аталған жастардың бойында өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту, қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру – орталықтан шалғай орналасқан елді-мекен жастарының әлеуметтенуіне тікелей әсер етеді. Аймақтағы әр елді-мекендегі жастардың сұранысы мен қажеттілігіне байланысты әлеуметтік жобаларды іске асыру аса маңызды. Елді-мекендегі жастардың білім беру, денсаулық, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және т.б. салалар бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы ақпараттандыру деңгейінің төмендігі байқалады. Сонымен қатар, аймақтағы NEET санатындағы жастарға арналған оқыту шаралары, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары, оларды қоғамдық өмірге тарту шаралары толыққанды жүйелеуді қажет етеді. |
10 320 148 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданында қоғамдық-мәдени, спорттық және ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы аумақтағы кемінде 3500 жасты әлеуметтендіру
Күтілетін нәтижелер: 1) Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы жұмыссыз, әлеуметтік осал тобына жататын жастарға арналған заманауи мамандықтар бойынша әр елді мекенде кемінде 150 жастың қатысуымен 2 айды қамтитын кемінде 5 мамандық бойынша оқыту курсын ұйымдастыру; 2) Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданындағы жастар ресурстық орталығымен бірлескен іс-қимыл жоспары бекіту және оны іске асыру; 3) Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы жастарына арналған әр елді мекенде кемінде 3 кеңес беру шарасын ұйымдастыру; 4) Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданындағы NEET санатындағы (жұмыссыз және әлеуметтік осал топтағы жастар) жастарға арналған өмірлік маңызы бар дағдылар бойынша әр елді мекенде кемінде 2 оқыту шарасын ұйымдастыру; 5) Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданындағы ұйымдаспаған (әлеуметтік осал топқа жататын жастар, мүгедектігі бар жастар, жұмыссыз жастар, декреттегі жас аналар) жастарына арналған кемінде 1 зияткерлік, 2 спорттық, 1 мәдени іс-шара ұйымдастыру; 6) Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданындағы жастарға арналған республикалық сарапшының қатысуымен кемінде әр елді мекенде кемінде 1 кездесу ұйымдастыру. |
|
2 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Мұнайлы және Түпқараған ауданы жастарын әлеуметтендіру | Маңғыстау облысындағы мемлекеттік жастар саясатын сапалы әрі жүйелі іске асыру – аймақтың барлық елді мекеніндегі жастарға арналған мүмкіндіктердің тең болуы болып табылады.
Қазіргі таңда 14-35 жас аралығында Мұнайлы ауданы бойынша 55 406 жас, Түпқараған ауданы бойынша 11 090 жас тұрады. Аталған елді-мекендердегі жастардың бойында өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту, қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру – орталықтан шалғай орналасқан елді-мекен жастарының әлеуметтенуіне тікелей әсер етеді. Аймақтағы әр елді-мекендегі жастардың сұранысы мен қажеттілігіне байланысты әлеуметтік жобаларды іске асыру аса маңызды. Елді-мекендегі жастардың білім беру, денсаулық, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және т.б. салалар бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы ақпараттандыру деңгейінің төмендігі байқалады. Сонымен қатар, аймақтағы NEET санатындағы жастарға арналған оқыту шаралары, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары, оларды қоғамдық өмірге тарту шаралары толыққанды жүйелеуді қажет етеді. |
10 320 148 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысының Мұнайлы және Түпқараған ауданында қоғамдық-мәдени, спорттық және ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы аумақтағы кемінде 3500 жасты әлеуметтендіру
Күтілетін нәтижелер: 1) Мұнайлы және Түпқараған ауданының жұмыссыз, әлеуметтік осал тобына жататын жастарға арналған заманауи мамандықтар бойынша әр елді мекенде кемінде 150 жастың қатысуымен 2 айды қамтитын кемінде 5 мамандық бойынша оқыту курсын ұйымдастыру; 2) Мұнайлы және Түпқараған ауданындағы жастар ресурстық орталығымен бірлескен іс-қимыл жоспары бекіту және оны іске асыру; 3) Мұнайлы және Түпқараған ауданы жастарына арналған әр елді мекенде кемінде 3 кеңес беру шарасын ұйымдастыру; 4) Мұнайлы және Түпқараған ауданындағы NEET санатындағы (жұмыссыз және әлеуметтік осал топтағы жастар) жастарға арналған өмірлік маңызы бар дағдылар бойынша әр елді мекенде кемінде 2 оқыту шарасын ұйымдастыру; 5) Мұнайлы және Түпқараған ауданындағы ұйымдаспаған (әлеуметтік осал топқа жататын жастар, мүгедектігі бар жастар, жұмыссыз жастар, декреттегі жас аналар) жастарына арналған кемінде 1 зияткерлік, 2 спорттық, 1 мәдени іс-шара ұйымдастыру; 6) Мұнайлы және Түпқараған ауданындағы жастарға арналған республикалық сарапшының қатысуымен кемінде әр елді мекенде кемінде 1 кездесу ұйымдастыру. |
|
3 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Маңғыстау және Бейнеу ауданы жастарын әлеуметтендіру | Маңғыстау облысындағы мемлекеттік жастар саясатын сапалы әрі жүйелі іске асыру – аймақтың барлық елді мекеніндегі жастарға арналған мүмкіндіктердің тең болуы болып табылады.
Қазіргі таңда 14-35 жас аралығында Маңғыстау ауданы бойынша 10 712 жас, Бейнеу ауданы бойынша 28 605 жас тұрады. Елді-мекендердегі жастардың бойында өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту, қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру – орталықтан шалғай орналасқан елді-мекен жастарының әлеуметтенуіне тікелей әсер етеді. Аймақтағы әр елді-мекендегі жастардың сұранысы мен қажеттілігіне байланысты әлеуметтік жобаларды іске асыру аса маңызды. Елді-мекендегі жастардың білім беру, денсаулық, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және т.б. салалар бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы ақпараттандыру деңгейінің төмендігі байқалады. Сонымен қатар, аймақтағы NEET санатындағы жастарға арналған оқыту шаралары, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары, оларды қоғамдық өмірге тарту шаралары толыққанды жүйелеуді қажет етеді. |
10 320 148 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысындағы Маңғыстау және Бейнеу ауданында қоғамдық-мәдени, спорттық және ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы аумақтағы кемінде 2000 жасты әлеуметтендіру
Күтілетін нәтижелер: 1) Маңғыстау және Бейнеу ауданы жұмыссыз, әлеуметтік осал тобына жататын жастарға арналған заманауи мамандықтар бойынша әр елді мекенде кемінде 150 жастың қатысуымен 2 айды қамтитын кемінде 5 мамандық бойынша оқыту курсын ұйымдастыру; 2) Маңғыстау және Бейнеу ауданындағы жастар ресурстық орталығымен бірлескен іс-қимыл жоспары бекіту және оны іске асыру; 3) Маңғыстау және Бейнеу ауданы жастарына арналған әр елді мекенде кемінде 3 кеңес беру шарасын ұйымдастыру; 4) Маңғыстау және Бейнеу ауданындағы NEET санатындағы (жұмыссыз және әлеуметтік осал тобына жататын) жастарға арналған өмірлік маңызы бар дағдылар бойынша әр елді мекенде кемінде 2 оқыту шарасын ұйымдастыру; 5) Маңғыстау және Бейнеу ауданындағы ұйымдаспаған (әлеуметтік осал топқа жататын жастар, мүгедектігі бар жастар, жұмыссыз жастар, декреттегі жас аналар) жастарға арналған кемінде 1 зияткерлік, 2 спорттық, 1 мәдени іс-шара ұйымдастыру; 6) Маңғыстау және Бейнеу ауданындағы жастарға арналған республикалық сарапшының қатысуымен кемінде әр елді мекенде кемінде 1 кездесу ұйымдастыру. |
|
4 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Аймақтың өндірістік мекемелеріндегі жас мамандар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру | Маңғыстау облысында 2015 жылдан бастап өндірістік мекемелер жанындағы жас мамандар кеңесі құрылды. Аталған кеңеске өндірістік мекемеде жұмыс жасайтын жұмысшы жас мамандар мүшелікке өтіп, аймақтағы қоғамдық-мәдени өмірге араласа бастады.
Қазіргі таңда «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «Oil Service Company» ЖШС, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰҚ АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ МОФ және т.б. өндірістік мекемелерінде 19 жас мамандар кеңесі қызмет атқаруда. Аталған кеңестің құрамында барлығы 600-ге жуық жас бар. Аталған кеңестің жұмысын жандандыру, аймақтағы ірі өндірістік кәсіпорындарында жас мамандар кеңесінің желісін құру, кеңес мүшелерінің қатысуымен жұмысшы мамандықтарды насихаттау бойынша кешенді жұмыс жүргізу қажеттілігі туындап отыр.
|
10 557 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысындағы өндірістік кәсіпорындағы жас мамандар кеңесінің жұмысын жандандыру арқылы қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылған жастар санын кемінде 1500-ге жеткізу
Күтілетін нәтижелер:
1) Маңғыстау облысындағы өндірістік кәсіпорындағы жас мамандар кеңесінің орталық жоғары органы құрылады және әр отырысқа кемінде 50 жұмысшы жастың қатысуымен 4 кеңес отырысы өтеді; 2) Маңғыстау облысындағы өндірістік кәсіпорындағы жас мамандар кеңесінің мүшелеріне арналған әр іс-шараға кемінде 150 маманның қатысуымен кемінде 2 спорттық, 2 зияткерлік, 2 қоғамдық-мәдени іс-шара ұйымдастырылады; 3) Маңғыстау облысындағы өндірістік кәсіпорындағы жас мамандар кеңесінің мүшелеріне арналған әр іс-шараға кемінде 200 маманның қатысуымен зиялы қауым өкілдерімен кемінде 3 кездесу ұйымдастырылады; 4) Маңғыстау облысындағы өндірістік кәсіпорындағы жас мамандар кеңесінің мүшелеріне арналған кемінде 300 маманның қатысуымен өңірлік ынталандыру қорытынды шарасы ұйымдастырылады.
|
|
5 | Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау | Аймақтағы волонтерлік бастамаларға қолдау көрсету | Аймақта волонтерлік жобаларды жүзеге асыруға қатысатын жастардың саны артып келеді. Маңғыстау облысында 15-ке жуық волонтерлік бастамашыл топ қызмет атқарып келеді. Бұл волонтерлік қозғалысқа жаңа қатысушыларды тарту жөніндегі қызметті жандандыру қажеттілігі мен мүмкіндігін көрсетеді.
Еліміздегі волонтерлікті дамытудың жол картасына сәйкес өңірдегі волонтерлік қозғалысты дамыту, волонтерлерді ынталандыру тетіктерін қалыптастыру, өңір волонтерлерінің біліктілігін арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуі қажет. |
10 950 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысында волонтерлік бастамаларға қолдау көрсету арқылы аймақтағы волонтерлік қызмет тізіліміне деректерді ұсынған волонтерлердің санын кемінде 150-ге жеткізу
Күтілетін нәтижелер: 1) Волонтерлік топтар мен ұйымдардың кемінде 40 жетекшісі кешенді оқытудан өтеді; 2) Аймақтағы волонтерлік топтар мен ұйымдарға арналған кемінде соммасы 300 000 теңге құрайтын 15 шағын грант беріледі 3) Аймақта еліміздегі волонтерлікті дамытудың 8 басым бағыты (Birgemiz: Bilim, Birgemiz: Qamqor, Birgemiz: Ayala, Birgemiz:Sabaqtastyq, Birgemiz: Saulyq, Birgemiz: Taza Alem, Birgemiz:Asyl Mura, Birgemiz: Umit) бойынша кемінде 30 іс-шара ұйымдастырылады 4) Уәкілетті органға волонтерлік қызмет туралы деректі тізілімге енгізу бойынша волонтерлерге көмек беру |
|
6 | Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау | Маңғыстау облысының волонтерлік Фронт-офисінің жұмысын ұйымдастыру | Маңғыстау облысы волонтерлерінің Фронт-офисі – аймақтағы волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтарға консультативтік, ақпараттық және әкімшілік қолдау көрсететін жобалық кеңсе болып табылады. Аталған кеңсенің жұмысын жүйелі ұйымдастыру – аймақтағы волонтерлік қозғалысты жандандыруға, оның бағыттарын әртараптандыруға, волонтерлік қызметті жүйелендіруге мүмкіндік беруі қажет.
Маңғыстау облысында 15-ке жуық волонтерлік бастамашыл топ қызмет атқарып келеді. Аймақтағы волонтерлер не волонтерлікпен айналысқысы келетін әрбір жас аталған кеңсе арқылы волонтерлікті қолдау не дамытуға қатысты кеңесті ақысыз алуға, әлеуметтік идеясын іске асыру бойынша нақты әдістемелік көмек алуға жағдай жасауы тиіс.
|
10 060 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысындағы волонтерлік қозғалысты жандандыру арқылы волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтар санын кемінде 50-ге жеткізу
Күтілетін нәтижелер:
1) Аймақтағы волонтерлік топтар мен бастамашыл топтарға кемінде 100 ақпараттық, консультативтік және әкімшілік қолдау көрсетіледі; 2) Аймақтағы волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтарға арналған кемінде 1 спорттық, 2 қоғамдық-мәдени іс-шара ұйымдастырылады; 3) Аймақтағы орта, арнаулы орта және жоғары білім беру ұйымдарында кемінде 3000 оқушыға (студентке) арналған үгіт-насихат жұмысы ұйымдастырылады; 4) Аймақтағы жасөспірімдер мен жастарға арналған волонтерлік оқыту бағдарламасы әзірленіп, бағдарлама аясында кемінде 150 волонтер арнайы оқытудан өтеді; 5) Маңғыстау облысы волонтерлерінің Фронт-офисінің тұрақты коуоркиңі жасақталады және волонтерлерге арналған жұмыс орны ұсынылады; 6) Аймақтағы волонтерлер Фронт-офисінің, волонтерлік топтар мен ұйымдардың, қызметі, волонтерлер туралы әлеуметтік желілерде парақшасы ашылып, тұрақты жүргізіледі; 7) Маңғыстау облысындағы волонтерлерге арналған кемінде 7 аталым бойынша волонтерлер сыйлығы тағайындалады және табысталады |
|
7 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Аймақтағы жас өнертапқыштар мен ғалымдарды қолдау | Маңғыстау облысындағы мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі – аймақтағы жас ғалымдар мен өнертапқыштарды анықтау, дамыту және ынталандыру болып табылады. Қазіргі таңда жасөспірімдер мен жастарды ғылымға және инновациялық жұмыстарға баулу – өңірдің адами капиталын дамытуға тың серпіліс береді.
Аталған жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру мақсатында отандық және халықаралық ғылыми байқаулардың қатысушылары мен жеңімпаздарын ынталандыруды, ұлықтауды, өңірдегі робототехника, IT, бизнес, жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялық идеяларды қолдауды, аймақтағы жас ғалымдар мен өнертапқыштардың тәжірибе алмасуына жағдай жасауды, олардың қауымдастығын құруды және оның жұмысын ұйымдастыруды қолға алу қажет. |
10 750 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысында ғылыми және инновациялық бастамаларды қолдау арқылы жоба нәтижесінде кемінде 35 жастан тұратын жас ғалымдар мен өнертапқыштардың қауымдастығын құру
Күтілетін нәтижелер: 1) Маңғыстау облысындағы жас ғалымдар мен өнертапқыштарды насихаттау мақсатында кешенді ақпараттық жұмыс жүргізу; 2) Аймақтағы жастар мен жасөспірімдерге арналған кемінде 100 жастың қатысуымен Маңғыстау облыстық 2 инновациялық байқауын ұйымдастыру; 3) Маңғыстау облысындағы кемінде 100 жастың қатысуымен жас стартаперлер байқауын ұйымдастыру; 4) Кемінде 50 жастың қатысуымен Маңғыстау облыстық инновациялық шешімдер хакатонын ұйымдастыру; 5) Еліміздегі ғылым саласындағы танымал сарапшылардың қатысуымен кемінде 2 инттелектуалдық конференция ұйымдастыру; 6) Аймақтағы жас ғалымдар мен өнертапқыштарға арналған кемінде 150 жастың қатысуымен ынталандыру қорытынды шарасын ұйымдастыру |
|
8 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Маңғыстау облысында пікірсайыс қозғалысын дамыту | Қазіргі таңда аймақ жастары мен жасөспірімдерінің бойында сыни ойлау, шешен сөйлеу, ақпаратты жинау және өңдеу, көшбасшылық дағдысын қалыптасыру маңыздылығы артып келеді. Аталған дағдыларды дамытуда пікірсайыс қозғалысының алар орны ерекше. Пікірсайыс қозғалысын жүйелі әрі кешенді дамыту арқылы аймақта жастар арасындағы қоғамдық пікір көшбасшыларын қалыптастыру мүмкіндік туады.
Аймақта пікірсайыс қозғалысы жалпы білім беру ұйымдарында тиісті деңгейде дамығанымен, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында көңіл бөлуді қажет етеді. Сонымен қатар, өңірдегі пікірсайыс қозғалысын жүйелендіру, бірыңғай қозғалыс желісін қалыптастыру, пікірсайысшылардың біліктілігін арттыру және өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау қажеттілігі туындауда. |
10 125 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысында пікірсайыс қозғалысын жандандыру арқылы кемінде пікірсайысшылар санын кемінде 500-ге жеткізу
Күтілетін нәтижелер: 1) Пікірсайыс турнирінен оқушылар арасындағы 5 аудандық, 2 қалалық және 1 облыстық лигасын ұйымдастыру; 2) Пікірсайыс турнирінен студенттер арасындағы 4 аудандық, 2 қалалық және 1 облыстық лигасын ұйымдастыру; 3) Маңғыстау облысының пікірсайыс орталығының жұмысын ұйымдастыру; 4) Аймақтағы барлық жалпы орта, орта арнаулы және жоғары білім беру ұйымдарының пікірсайыс клубтарының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру; 5) Еліміздегі белгілі пікірсайысшылардың қатысуымен өңірдегі пікірсайысшыларға арналған кемінде 3 шеберлік сағат ұйымдастыру; 6) Кемінде 50 жас маманның қатысуымен Маңғыстау облыстық пікірсайыс турнирін ұйымдастыру. |
|
9 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жас көшбасшыларға арналған шетелдік тағылымдамалар ұйымдастыру | Өңірдегі азаматтық қоғам саласында жастардың үлесі төмен. Алайда аймақта әлеуметтік маңызы бар бастамаларды көтеріп, жобаларды жүзеге асырып жүрген жастардың саны 100-ден асады. Жастарға арналған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырып жүрген белсенді қоғамдық ұйымдардың саны 30-ға жуықтайды. Аталған жас көшбасшылардың, жастар ұйымдарының жетекшілерінің әлеуетін арттыру мәселесі жылдар бойы көтеріліп келеді.
Қазіргі таңда өңірдегі жастар ұйымдарының көшбасшыларын ынталандырудың тың құралын қалыптастыру, олардың біліктілігін арттыру және үздік тәжірибелерді меңгеруіне жағдай жасау қажеттілігі туындап отыр.
|
11 000 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Жас көшбасшыларға арналған шетелдік тағылдама ұйымдастыру арқылы аймақтық жастар саясатында кемінде 4 халықаралық серіктестікке қол жеткізу
Күтілетін нәтиже: 1) Жастар ұйымдарының 10 басшысына арналған кемінде 2 елде шетелдік тағылымдама ұйымдастыру; 2) Аймақтағы жас көшбасшылар кемінде 4 шетелдік және отандық серіктестікке қол жеткізу; 3) Тағылымдамадан өтушілердің кемінде 5 авторлық қысқа мерзімді әлеуметтік жобасын жүзеге асыруын үйлестіру және сүйемелдеу; 4) Аймақтағы жас көшбасшылардың әр елде кемінде 6 қоғамдық ұйымның, 3 әлеуметтік кәсіпкерлік нысандарының қызметімен танысуын қамтамасыз ету |
|
10 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастар театрының жұмысын ұйымдастыру | Қазіргі таңда жастармен жұмыс жүргізудің жаңа тетіктерін қалыптастыру, олардың арасында мәдени ағарту жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр.
Өткен жылы өңірде әуесқой театр шығармашылығын қолдау арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндігі пайда болды. Жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді алдын алу жолдарын қойылымдар арқылы жастарға жеткізу кейсі оң нәтижесін беріп отыр. Мәселен, 2022-2023 жылдар аралығында жүзеге асырылған «Жастар театрының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді баяндайтын 8 қойылым таныстырып, аймақтың барлық елді-мекенінде сахналанды. Нәтижесінде жастар арасындағы әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу, олардың бойында отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы ағартушылық жұмысқа 5 000-нан жас астам тартылды. Бос уақыты ұйымдастырылмаған, нақты өмірлік және кәсіби бағдары қалыптаспаған жастардың басын біріктіріп шығармашылыққа баулу қажет. |
10 900 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Аймақта жастар театрының жұмысын ұйымдастыру арқылы кемінде 3 000 жастың қоғамдық-мәдени іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету
Күтілетін нәтижелер: 1) Облыстық әуесқой жастар театрларының фестивалін ұйымдастыру; 2) Жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді қамтитын кемінде 3 (үш) қойылым ұсыну; 3) Маңғыстау облысының барлық 5 ауданында және Ақтау және Жаңаөзен қалаларында кемінде 2 қойылым қою |
|
11 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастарға арналған медиаөнімдерді дайындау | Еліміздегі әлеуметтік зерттеулер қорытындысы ел жастарының кез келген ақпаратты алу көзі әлеуметтік желілер, интернет ресурстары екендігін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, елімізде қазақ тілінде медиа контент жасаушылардың саны артып, жастар арасында отандық медиаөнімдер танымалдылыққа ие болды. Еліміздегі контент жасаушылар «You Tube» видеохостингінде сан алуан жанр мен форматтағы медиаөнімдерді нарыққа шығара бастады. Мәселен, өткен жылы жүзеге асырылған «Жастарға арналған медиаөнімдерді дайындау» гранты аясында 5 әлеуметтік ролик, подкастиң технологиясымен түсірілген 5 жоба, 5 кауер әндер жобасы және әзіл-сықақ жанрындағы 5 видео-шығарылым жарыққа шығып, 200 000-нан астам қаралым жинап үлгерді. Бүгінде аймақтағы креативті индустрия өкілдері оның ішінде блогерлер, инфлюенсерлер мен контентмейкерлерге арналған алаң ұсынылып, олардың медиаөнімдерді дайындауына мүмкіндік беру қажеттілігі туындап отыр. «Жастармен бірге» қағидатына сүйене отырып, мақсатты аудиторияның (14-35 жас аралығында жастар) қажеттілігіне қарай әлеуметтік, ағартушылық, музыкалық, ойын-сауық бағытындағы медиа өнімдерді әзірлеу және тарату қажет. |
11 076 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысының креативті индустрия саласындағы жастардың үлесін арттыру арқылы кемінде 18 медиаөнім әзірлеу
Күтілетін нәтижелер: 1) Аймақ жастарының арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы кемінде 20 қысқа бейнероликтер; 2) Жастар мен жасөспірімдерге кәсіби және өмірлік бағыт-бағдар беруге бағытталған кемінде 8 подкаст түсірлімін ұйымдастыру және тарату; 3) Әзіл-сықақ жанрындағы шығармашыл жастардың қатысуымен ойын-сауық форматында кемінде 5 хабар түсіру және тарату |
|
12 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Аймақтағы жастардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту | Маңғыстау облысы бойынша 14 пен 35 жас аралығында жастардың саны 231 137, ол облыс халқының 29,8%-ын құрайды.
Қазіргі уақытта жастар психикалық денсаулық дағдарыстарымен, соның ішінде мазасыздықпен, депрессиямен және басқа да жағымсыз эмоционалды жағдайлармен бетпе-бет келеді. Аталған жағдайлар жастарға қатысты буллинг және кибербуллинг, суицид, лудомания, наркомания, интернет тәуелділік сынды әлеуметтік жағымсыз құбылыстар артуына әкеліп отыр. Мәселен, Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметін сәйкес 2023 жылы жастар арасында 10 аяқталған, 6 аяқталмаған суицид фактісі тіркелген. Аймақта жастармен жүйелі жұмыс жүргізетін, жастарға психологиялық қолдау көрсететін мамандардың тапшылығы, жастардың менталды денсаулығын сақтауға және эмоцианалды инттелектісін арттыруға бағытталған іс-шаралардың аз болуы – олардың психикалық денсаулығын сақтауға кері әсерін көрсетіп отыр. Қазіргі таңда қоғамның барлық тобын атап айтқанда үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкілдерін, әртүрлі салада жетістікке жеткен азаматтарды, қоғамдық пікір көшбасшыларына аталған мәселелерді шешуге жұмылдыру қажеттілігі туындап отыр. |
10 365 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысы жастарының кемінде 5%-ына ментальды денсаулық сақтау бойынша ақпараттандыру
Күтілетін нәтижелер: 1) Аймақта республикалық сарапшыларды тарта отырып кемінде 5 компонентті (эмоцианалдық инттелектті дамыту, суицидология, бала психологиясы, адам дағдарысы, ата-ана мен бала қарым қатынасы және т.б.) оқыту ұйымдастыру арқылы жастарғаи психологиялық көмек көрсете алатын кемінде 20 коуч-психолог маманы пайда болады; 2) Аймақтың барлық әр елді-мекенде (2 қала және 5 ауданда) 3 психологиялық семинар-тренинг ұйымдастырылады; 3) Жастар арасындағы зорлық-зомбылық, суицид, әртүрлі тәуелділіктің алдын алуға бағытталған әдістемелік құрал (практикалық жұмыстар жинағы) пайда болады; 4) Жастардың арасындағы әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алуға бағытталған «ағартушылар десанты» барлық елді мекенде кемінде 5000 жасты қамту арқылы кездесулер ұйымдастыру; 5) Жастарға психологиялық көмек көрсетуге бағытталған бірыңғай дизайндағы әлеуметтік желілерде арнайы парақша ашылады және тұрақты сапалы контент ұсынылады. |
|
13 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Аймақ жастарының зияткерлік әлеуетін арттыру | Аймақ жастарының еліміздегі медиа, креативті индустрия, бизнес, психология, мәдениет, өнер, туризм, экология, білім, журналистика және т.б. салалардағы танымал, білікті сарапшылармен кездесіп, пікір алмасуы – аймақ жастарының зияткерлік әлеуетін арттыруға өз септігін тигізеді.
Мұндай іс-шаралар жастардың интеллектуалдық өсуіне, олардың эрудициясын арттыруға, ақпаратты жинау және талдау дағдыларын дамытуға көмектеседі. Жастардың зияткерлік конференцияларды тұрақты өткізу арқылы интеллектуалдық қарым-қатынас ортасының пайда болуына, мәдениет пен интеллект деңгейін көтеруге, өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беретін орталықты қалыптастыру қажет. |
10 750 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
14-35 жас аралығындағы Маңғыстау облысы жастарына арналған кемінде 5 000 жастың қатысуымен зияткерлік әлеуетін арттыру үшін интеллектуалдық конференциялар ұйымдастыру
Күтілетін нәтиже: 1) Республикалық деңгейдегі әртүрлі саладағы сарапшы, танымал кемінде 6 спикердің, әр елді мекенде кемінде 300 адамның қатысуымен TED форматында инттелектуалдық конференция (білім және ғылым, креативті индустрия, кәсіпкерлік, психология, қаржы, ұлттық құндылық) ұйымдастыру; 2) Аймақтағы зиялы қауым өкілдерінің, сала ардагерлерінің, қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен TED форматында жастарға арналған кемінде 4 мотивациялық кездесу (әр кездесуде кемінде 200 адам) ұйымдастыру; 3) Жобаны іске асыру барысында бірыңғай дизайн қалыптастыру арқылы жастар арасында кешенді ақпараттық жұмысты ұйымдастыру. |
|
14 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Ерекше қажеттілігі бар жастарды әлеуметтендіру – | Уәкілетті органдардың статистикалық деректеріне сәйкес Маңғыстау облысында 14 пен 35 жас аралағында 4 711 мүмкіндігі шектеулі жас бар. Аймақта мүгедектігі бар жастарды кәсіпке бейімдеу арқылы қоғамға әлеуметтендіру мәселесі өте өзекті. Аталған азаматтарға мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін қарастыру арқылы олардың әлеуметтік бейімдеу қажеттілігі туындап отыр.
Қазіргі таңда ерекше қажеттілігі бар жастарды қолдау жұмысының жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмауы – олардың толық әлеуетін пайдалануға кедергі келтіретін және білім беру, дене шынықтыру, жұмыспен қамту және т.б. қоғамның әртүрлі аспектілеріне қатысу сияқты салалардағы теңсіздікті күшейтетін негізгі кедергі болып отыр. Аймақтағы мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған оқыту шараларын ұйымдастыру, оларға психологиялық және менторлық қолдау көрсету, оларды қоғамдық жұмыстарға тартуды жүйелі әрі кешенді ұйымдастыруымыз қажет. |
11 069 148 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру арқылы кемінде 150 аталмыш топтағы жасты әлеуметтендіру
Күтілетін нәтиже: 1) Аймақтағы ерекше қажеттілігі бар кемінде 150 жасқа кемінде 5 бағыт бойынша қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру; 2) Аймақтағы мүгедектігі бар жастар мен жасөспірімдерге арналған консультативтік кеңсенің жұмысын ұйымдастыру; 3) Аймақтағы ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған кемінде 3 шеберлік сағат ұйымдастыру және әлеуметтік көрме ұйымдастыру; 4) Аймақтағы ерекше қажеттілігі бар жастарды кәсіп ашуға ынталандыру мақсатында соммасы 200 000 теңгені құрайтын 10 шағын грант үлестіру және іске асуына мониторинг жасау |
|
15 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастар арасындағы нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алу | Аймақ жастарының арасындағы ең өзекті мәселелер жастар мен жасөспірімдерге арасындағы ойынқұмарлық пен нашақорлық болып табылады. Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметіне сәйкес аймақта арнайы орталықтарда есепте тұрған 14 пен 35 жас аралығындағы 178 жас бар.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы аталған жүйелі әрі кешенді профилактикалық жұмыстың жүргізілмеуі, аталған жұмысқа ата-аналардың қатыспауы немесе немқұрайлық танытуы, жас азаматтардың жылдам ақша табуға әуестенуі және олардың бос уақытының тиімді ұйымдастырылмағандығы себеп болып отыр. Аталған бағыттағы жұмысты ұйымдастыруда жастар мен жасөспірімдердің көзқарасына сай келетін іс-шаралар форматын, ақпаратты жеткізуде тың тәсілдерді пайдалану қажет. Сонымен қатар, аталған профилактикалық іс-шараларға жастар мен жасөспірімдердің жекелей қатысуы, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдерін жұмылдыру қажет. Аймақ жастары мен жасөспірімдерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әртүрлі спорттық, қоғамдық-мәдени іс-шараларды ұйымдастыруды жүйелеу қажет. Құзырлы органдармен бірлесе отырып интернет ресурстар мен көшедегі есірткі жарнамаларын жоюға белсенділерді жұмылдыру керек. Аталған әлеуметтік жағымсыз құбылыстарды алдын алу жұмысы жалпыхалықтық сипатқа ие болу қажет. |
10 250 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысында жастар арасындағы әлеуметтік жағымсыз құбылыстарлың алдын алуға бағытталған іс-шараға кемінде 5 000 жасты тарту
Күтілетін нәтижелер: 1) Жастар мен жасөпірімдер арасындағы нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алуға бағытталған кемінде 50 мобилографтың қатысуымен ауқымды байқау ұйымдастыру; 2) «Есірткіге және ойынқұмарлыққа қарсы белсенділік» белсенділер тобын құрып, кемінде 10 қоғамдық рейд және кемінде 2 100 жастың қатысуымен 7 ақпараттық кездесу ұйымдастыру; 3) Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында кемінде 100 жастың қатысуымен облыстық шахматтан 2 турнир ұйымдастыру 4) Аймақтағы синтетикалық есірткінің таралуын алдын алуға бағытталған «Stop Synthetic Mangystau» телеграм бот-чатын іске қосу және жұмысына талдау жүргізу 5) Жастар арасындағы нашақорлыққа тәуелділік пен ойынқұмарлықтың алдын алуға кемінде 3 видеоролик, 1500 брошюра, 3 бильборд әзірлеу және тарату |
|
16 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастар арасындағы әзіл-сықақ ойындарын ұйымдастыру | 2023 жылы Маңғыстау облысының әзіл-сықақ ойындарының маусымашар фестиваліне 56 әзіл-сықақ командасы тіркелген. Аймақта әзіл-сықақ ойындарының 3500-ге жуық қатысушысы бар.
Аймақтағы шығармашыл жастар әзіл-сықақ ойындарын өзін-өзі көрсету және пікірлес адамдармен қарым-қатынас жасау, сенімділік пен сыни ойлауды дамыту, көшбасшылық және командалық дағдыларды дамыту, шығармашылық пен эмоционалдық интеллектті арттыру мүмкіндігін сыйлайтын алаң ретінде қарастырады. Бүгінде аталған ойынның қатысушылары қазақ тіліндегі сапалы контентті жасаушылардың басым бөлігін құрайтынын ескерсек, әзіл-сықақ ойындары арқылы креативті индустрия саласын дамыту мүмкіндігі туындап отыр. Аталған ойындарға шығармашылық қабілеті жоғары бірақ өмірлік қиын жағдайларға тап болған, оқу үлгерімі төмен жасөспірімдер мен жастардың қатысуын қамтамасыз ету қажет. Демек, әзіл-ысқақ ойындарын ұйымдастыру арқылы жастар арасында аймақтағы креативті индустрияны дамытумен бірге жастарды әлеуметтендіру мәселесі де оң шешімін табады. |
11 050 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Жастарды әлеуметтендіру үлесін арттыру мақсатында жастар әзіл-сықақ ойындарын ұйымдастыру арқылы тікелей кемінде 2 500 жасты қатысуын қамтамасыз ету (жанама 10 000 қамту)
Күтілетін нәтижелер: 1) Маңғыстау облысының кемінде 10 резиденттің кемінде 300 көрерменнің қатысуымен әзіл-сықақ кешін ұйымдастыру; 2) Маңғыстау облысының әзіл-сықақ ойындарының кемінде 2 лигасы, әр лига бойынша барлығы 3 ойынын ұйымдастыру; 3) Кемінде 3 әзіл-сықақ командасы республикалық әзіл-сықақ ойындарына жолдама беру; 4) Әзіл-сықақ жанрындағы жастарға арналған кемінде 150 жастың қатысуымен 2 оқыту шарасын ұйымдастыру; 5) Маңғыстау облысында кемінде жаңа 10 әзіл-сықақ тобын құру |
|
17 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Маңғыстау облысының студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру | Аймақтағы белсенді жастардың басым бөлігі – студенттер болып табылады. Маңғыстау облысында 2023 жылдың қорытындысы бойынша жоғары оқу орнында 8 700 студент, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 20 700 студент бар. Дегенмен, өңірдегі студенттер арасында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметі жүйеленбеген. Қазіргі таңда аймақтағы ЖОО – 1, арнаулы кәсіптік білім беру ұйымдарында 26 студенттік өзін-өзі басқару ұйымы бар.
Сонымен қатар, өңірдегі жоғары, арнаулы оқу-орындарының өзара қарым-қатынасын нығайту, студенттердің қоғамдық жұмыстарға араласуын қамтамасыз ету, белсенді студенттерді ынталандыру, олардың бастамаларына қолдау көрсету, студенттерге арналған қоғамдық-мәдени, спорттық, зияткерлік іс-шаралардың кешенді түрде ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүйеленбеген. Қазіргі таңда студенттер арасындағы суицид, буллинг, кибербуллинг, жалпы олардың өмірі мен денсаулығы, құқығы мен мәселелеріне қатысты әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың орын алуы жиілеп келеді. Аталған мәселелерді жедел анықтау, талдау жеткізу және тиісті шараларды қабылдауға ықпал етуде аймақтағы ЖОО және ТжКБ ұйымдарында студенттердің құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған «Студенттік омбудсмен» институтын қалыптастыру маңыздылығы артып келеді. Омбудсмен институттың жұмысын жүйелі ұйымдастыру – аймақ студенттеріне қатысты әлеуметтік мәселелерді алдын алуға, әлеуметтік жағымсыз құбылыстарды болдырмауға өз септігін тигізеді. |
10 584 148 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысының студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру арқылы кемінде аймақтағы студенттердің 10%-ын қоғамдық жұмыстарға тарту
Күтілетін нәтижелер: 1) Маңғыстау облысында кемінде 26 арнаулы-кәсіптік білім беру ұйымдарында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшыларын сайлау ұйымдастыру және бірыңғай куәлік пен төсбелгі тағайындау; 2) Жылына кем дегенде екі рет кемінде әр отырыста 150 жастың қатысуымен облыстық Студенттер кеңесін ұйымдастыру; 3) Облыс студенттеріне арналған кемінде 2500 студенттің қатысуымен 2 мәдени, 2 спорттық және 1 зияткерлік іс-шара ұйымдастыру; 4) Халықаралық студенттер күнінің әлеуметтік мәртебесін арттыруға бағытталған кемінде 350 жастың қатысуымен 1 қоғамдық-мәдени іс-шара ұйымдастыру; 5) Облыс студенттерінің бастамаларына қолдау көрсету мақсатында соммасы 200 000 теңгені құрайтын 5 шағын грант беру; 6) Белсенді студенттерді ынталандыру мақсатында қорытынды іс-шарасын ұйымдастыру |
|
18 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Маңғыстау облысындағы шығармашыл жастарды қолдау | Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жасаған сапарында аймақтағы дарынды жастарды қолдау қажеттігін атап өтті. 2023 жылы аймақта шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған «Жиналайық» жобасы жүзеге асырылып, жобаға 100-ден астам жас тікелей, 5000 жас жанама қамтылды.
Бүгінде аймақта жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, талантты жастарды қолдауға бағытталған жұмыстарды жүйелеу арқылы креативті индустрияны дамыту міндеті тұр. Соңғы жылдары әлеуметтік желілер арқылы өңір жастары мен жасөспірімдерінің шығармашылық әлеуетін байқауға болады. Аймақтағы заманауи өнер саласының жастарына арналған алаңдар, шеберлік сағаттар мен нетуоркиңтер, кешенді оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру қажеттілігі бар. Өңір жастарының ішіндегі таланттарды анықтау, олардың шығармашылық шыңдалуына жағдай жасау – қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің алдын алуға, жастар дамуына айтарлықтай әсер етеді. |
10 556 260 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Өңірдегі кемінде 15 заманауи өнер саласының өкілдерін қолдау арқылы аймақ жастарының шығармашылық әлеуетін арттыру
Күтілетін нәтижелер: 1) Ақтау және Жаңаөзен қаласында музыкалық және хореографиялық өнер саласындағы дарынды жастардың кемінде 3 шағын кешін ұйымдастыру; 2) Аймақтағы заманауи музыка саласындағы талантты жастарға арналған республикалық деңгейдегі маман қатысуымен кемінде 35 жасқа арналған 1 уоркшоп ұйымдастыру; 3) Аймақтағы заманауи музыкалық және хореографиялық өнер саласындағы кемінде 15 дарынды жасты анықтап, оларға ақпараттық және консультативтік сүйемелдеу, қолдау көрсету; 4) Аймақтағы заманауи музыкалық және хореографиялық өнер саласындағы дарынды жастардың Open Air форматындағы кешін ұйымдастыру. |
|
19 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастарға арналған қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру | Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес Маңғыстау облысындағы мемлекеттік жастар саясатын дамытуға арналған «Маңғыстау – мүмкіндіктер мекені» стратегиялық құжатына сәйкес аймақ жастарына оның ішінде ауыл жастарына тең мүмкіндіктер жасау міндеті қойылған. Елді мекендерде жастарға арналған заманауи қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру арқылы ауыл жастарын әлеуметтендіруге мүмкіндік туады.
Аталған қоғамдық кеңістіктер – жастардың шоғырлану, әлеуметтік және инновациялық идеялар алмасу, әлеуметтік бастамаларды іске асыру, зияткерлік ойындарды ұйымдастыру арқылы олардың бос уақытын тиімді өткізуге толық жағдай жасалуы тиіс. Қазіргі таңда ауыл жастарына арналған қоғамдық кеңістікті қалыптастыру барысында кеңістіктің жастарға материалдық-техникалық базаны ұсынуынан бөлек, оның тұрақты қызметін, жастарға нақты қызметтер ұсынуын ұйымдастыру қажет. |
11 050 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысының кемінде 3 коуоркиң қызметін ұйымдастыру арқылы ауыл жастарын қоғамдық жұмысқа тарту
Күтілетін нәтижелер: 1) Маңғыстау облысының кемінде 3 ауданның 1 ауылында (жалпы 3 ауылда) жастарға арналған тұрақты коуоркиңті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету және пайдалануға беру; 2) Пайдалануға берілген коуоркиңте кемінде 15 қоғамдық-мәдени іс-шаралар ұйымдастыру (мысалы, әлеуметтік және инновациялық идеялар алмасу, әлеуметтік бастамаларды іске асыру, зияткерлік ойындарды ұйымдастыру және т.с.с) (әр коуоркиңте кемінде 5 іс-шара) |
|
20 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Аймақ жастарының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру | Жаһандану заманында жастарға ұлттық бірегейлік сақтау және олардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру маңыздылығы артып келеді. Аталған ауқымды жұмысты ұйымдастыруда аймақтағы зиялы қауым өкілдерін тарту арқылы жастар арасында кешенді ағартушылық жұмысты ұйымдастыру қажет. Жастардың бойында ұлттық идеологияны қалыптастыруда ұлттық ойындар мен музыкалық аспаптарды насихаттау аса маңызды. Жастар арасындағы ұлттық ойындарды өткізу және ұйымдастыру тәртібін жүйелеп, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда ұтымды пайдалану қажеттілігі бар.
Жастардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда жастардың сұранысына қарай іс-шара форматтарын қайта қарап, ұсыну қажет. |
10 200 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысы жастарының бойында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған кемінде 3000 жастың қатысуымен зияткерлік, мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру
Күтілетін нәтижелер: 1) Маңғыстау облысында кемінде 100 жастың қатысуымен жастар арасындағы тоғызқұмалақ ойынының кемінде 3 кезеңнен (аудандық, қалалық және облыстық) тұратын ашық чемпионатын ұйымдастыру; 2) Маңғыстау облысында кемінде 100 жастың қатысуымен жастар арасындағы садақ атудан 2 турнир ұйымдастыру; 3) Маңғыстау облысында кемінде 100 жастың қатысуымен жастар арасындағы асық ату ойынының кемінде 3 кезеңнен (аудандық, қалалық және облыстық) тұратын ашық чемпионатын ұйымдастыру; 4) Аймақта кемінде 25 өнерпаздың қатысуымен ұлттық аспаптар музыкасының кемінде 5 кешін ұйымдастыру; 5) Маңғыстау облысында зиялы қауым өкілдерін тарта отырып, кемінде 100 адамның қатысуымен кемінде 2 алқалы кеңес ұйымдастыру |
|
БАРЛЫҒЫ | 212 253 000 | ||||||
- Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды
Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:
1) саяси партиялар;
2) кәсіптік одақтар;
3) діни бірлестіктер;
4) дербес білім беру ұйымдары;
5) дербес кластерлік қорлар;
6) нотариаттық палаталар;
7) адвокаттар алқасы;
8) адвокаттық кеңселер;
9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;
12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;
13) Қазақстанның Төрелік палатасы;
14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;
15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;
16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.
- Қағидалардың 39–тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында (сілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;
8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;
11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.
- Гранттардың басым бағыты бойынша Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;
3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты
Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «15» АҚПАН МЕН «06» НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
- Өтінімдер жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:
Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі:
1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта ump-mangistau@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
3) Мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта ump-mangistau@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848);
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).
3) өтінімнің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» (серіктестердің хаттары), «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» (көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Әлеуметтік жобалар шетелдік көздер есебінен іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын шарттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері) жолдары толтырылған жағдайда.
- Қосымша ақпарат және консультация алу
Конкурстық іріктеу үдерісімен және сараптамалық комиссия қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.
Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:
1) өтінім беру мәселелері бойынша келесі телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79 04 31;
2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 04, 79 08 03, 79 04 30;
3) «Әлеуметтік жобаның шығындар сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 28;
4) ump-mangistau@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.
- ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі
Конкурс «Маңғыстау жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басқармасы басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған 2024 жылға мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «14» ақпандағы № 02-03/6 нқ бұйрығы шеңберінде өтеді.
Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Маңғыстау жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/documents/details/607573?lang=kk
Құжаттар: