Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасымен ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

Жарияланған күні: 30.10.2023


Бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының өкілдерімен онлайн кездесу өтті.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас және Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Пікір Сансызбаев Басқарма қаржыландыруымен іске асырылып жатқан гранттық жобалардың аралық қорытындыларын, сондай-ақ ҮЕҰ гранттық қаржыландыру саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының тапсырысы бойынша іске асырылатын 3 жобаға операторлық етеді. Гранттардың жалпы сомасы 20 млн теңгені құрайды.