«Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «14» сәуірдегі № 02-03/23 бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы 17 сәуірде жариялаған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының
№ 32 ХАТТАМАСЫ
Астана қ. 2025 жылғы «10» маусым
Отырысқа қатысқандар:
№ | ТАӘ | Қатысу туралы мәліметтер |
1. | Аширова Асем Мустапиевна | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
2. | Тұрар Інжу Рахметқызы | Қатысқан жоқ |
3. | Мамутова Орункуль Рзабековна | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
4. | Джангалиева Марьяна Казбековна | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
5. | Кеңшілік Сабыржан Бауыржанұлы | Қатысқан жоқ |
Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.
Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.
Күн тәртібі:
- Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
- Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
- Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:
Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Асем Мустапиевна Ашированы сайлауға шешім қабылдады.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:
Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:
№ | Сапаршының аты-жөні | Бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны | Конкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны | Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны |
1. | Аширова Асем Мустапиевна | 7 | 0 | 7 |
2. | Тұрар Інжу Рахметқызы | 7 | 0 | 7 |
3. | Мамутова Орункуль Рзабековна | 7 | 0 | 7 |
4. | Джангалиева Марьяна Казбековна | 7 | 0 | 7 |
5. | Кеңшілік Сабыржан Бауыржанұлы | 7 | 0 | 7 |
Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 7 өтінімді құрайды.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:
Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 7 ҮЕҰ-нан түскен 7 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.
Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.
Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.
Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес балдар береді.
1-кесте
Басым бағыттың атауы направления | Іске асырылу мерзімі | Грант сомасы (мын тенге) | Өтінім беруші | Аширова Асем Мустапиевна | Тұрар Інжу Рахметқызы | Мамутова Орункуль Рзабековна | Джангалиева Марьяна Казбековна | Кеңшілік Сабыржан Бауыржанұлы | Барлығы |
Маңғыстау облысындағы волонтерлік қозғалысты дамыту | қысқа мерзімді | 11 230,5 | «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының республикалық штабы» жеке мекемесі | 39 | 39 | 39 | 39 | 36 | 192 |
«Көмек-Шипа» жеке меншік мекемесі | 26 | 26 | 26 | 26 | 20 | 124 | |||
«ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесі | 34 | 41 | 41 | 41 | 40 | 197 | |||
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі | 36 | 40 | 40 | 36 | 44 | 196 | |||
«Рух жаңғырығы» қоғамдық қоры | 34 | 39 | 39 | 39 | 43 | 194 | |||
«Рухтан» қоғамдық қоры | 43 | 43 | 43 | 43 | 28 | 200 | |||
«Астана студенттер Альянсы» корпоративтік қоры | 24 | 24 | 24 | 24 | 17 | 113 |
Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:
№ | Басым бағыттың атауы | Іске асырылу мерзімі | ҮЕҰ атауы | Жалпы балл |
1. | Маңғыстау облысындағы волонтерлік қозғалысты дамыту | қысқа мерзімді | «Рухтан» қоғамдық қоры | 200 |
Сараптама комиссиясының төрағасы ______________ Аширова А.М.