Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тапсырысы негізінде конкурсқа өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

БЕКІТЕМІН

«Азаматтық бастамаларды

қолдау орталығы» КеАҚ Басқармасы Төрағасының м.а.

__________________ Балтаев Г.Т.

«     » мамыр 2025 жыл

Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысының 2025 жылғы «02» сәуірдегі №41-н/қ бұйрығымен бектілген Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша

ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ

 

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2025 жылғы 08 сәуірде жариялаған «Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-ның Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін 2025 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 23 ҮЕҰ-дан 35 өтінім келіп түсті, оның ішінде 31 өтінім мемлекеттік тілде және 4 өтінім орыс тілінде берілген.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 28 сәуірде сағат 18-30-да аяқталды.

Ағымдағы жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;

5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;

6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;

7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

  • мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы
1 Мәдениет пен өнерді дамыту Суретшілер экспедициясын ұйымдастыру қысқа мерзімді «Ақтау қалалық суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі
2 «BONSAI» қоғамдық қоры
3 «Саналы қоғам» қоғамдық қоры
4 Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі
5 «Қазақстан Даму Қауымдастығы»

заңды тұлғалар бірлестігі

6 «Рух жаңғырығы»

қоғамдық қоры

7 «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы
8 «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
9 «Алматы студенттер Альянсы» қоғамдық қоры
10 «Tomiris-Tumar» қоғамдық қоры
11 Айтыс жанрындағы жас таланттарды қолдау қысқа мерзімді «Саналы қоғам»

қоғамдық қоры

12 Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі
13 «Жыр – жебе » ақындар мектебі қоғамдық қоры
14 «Ұмытылмас өнер» жобасы қысқа мерзімді «Эко Маңғыстау»

үкіметтік емес мекемесі

15 «Алтын оймақ» қолөнерді қолдау жөніндегі қоғамдық қоры
16 «Игі жастар» қоғамдық қоры
17 «Бала жолы» қоғамдық қоры
18 «Көмек командасы»

қоғамдық қоры

19 «Саналы қоғам»

қоғамдық қоры

20 Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі
21 «Рух жаңғырығы»

қоғамдық қоры

22 «Жас қаламгер» жобасы қысқа мерзімді «Ой бренд» қоғамдық қоры
23 «Бала жолы» қоғамдық қоры
24 «Parasat Aktau»

қоғамдық бірлестігі

25 «Сөз өнері» поэзия клубы» қоғамдық қоры
26 «Саналы қоғам»

қоғамдық қоры

27 Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі
28 «Рух жаңғырығы»

қоғамдық қоры

29 «JasART» жеке меншік мекемесі
30 «Қазақстан Даму Қауымдастығы»

заңды тұлғалар бірлестігі

31 «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
32 «Маңғыстау облысының қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
33 «Алматы студенттер Альянсы» қоғамдық қоры

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылды (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы Бас тарту себептері
1 Мәдениет пен өнерді дамыту «Жас қаламгер» жобасы қысқа мерзімді «Бақ-Жұлдыз»

қоғамдық бірлестігі

Өтінім Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді
2 «Art-Media Atyrau» қоғамдық қоры ҮЕҰ дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер жоқ