“Күміс” еріктілер пулын жасақтау жұмысын бастады

Жарияланған күні: 15.06.2021


Құрметті достар!
“Күміс еріктілік” жобасы аясында “Қызылорда еріктілері” Қоғамдық қоры әлеуметтік, спорттық және экологиялық акцияларға қатысу үшін Қазақстанның “күміс” еріктілер пулын жасақтау жұмысын бастады.
“Күміс” еріктілер командасына кіру үшін сілтеме бойынша онлайн сауалнаманы толтыру қажет: https://forms.gle/GW1qrTi1ERFaeU3G8.
“Күміс” жастағы еріктілер – бұл 55 жастан асқан, қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, экономикалық, экологиялық өзекті мәселелерді шешуге ынтасы бар (оның ішінде адамдарға, өңірлерге немесе жануарларға көмек көрсетуге құлықты), қызметке өз еркімен және өтеусіз қатысатын және осы қызметті жүзеге асыру үшін өз білімі мен іскерлігін қолданатын адам.
“Күміс еріктілік” жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.