Коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық даму қосатын үлесі: Сіз қалай ойлайсыз?

Жарияланған күні: 19.06.2017


«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры ауқымды зерттеу бастады, оның мақсаты – коммерциялық емес ұйымдардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін бағалау мәселелері бойынша түрлі халық категориялары, КЕҰ, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен сараптау қоғамдастығы, оның ішінде халықаралық сарапшылардың пікірлерін зерделеу.

Бұл зерттеу ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясындағы «ЭЫДҰ елдерінің халықаралық тәжірибесі негізінде коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуға қосатын үлесіне есеп жүргізу жөніндегі әдіснама әзірлеу» жобасы бойынша жүргізіледі.

Өз пікірін білдіруге ниетті әрбір адам осындай мүмкіндікке ие болуы үшін зерттеу әртүрлі форматта өтетін болады.

Сонымен сіз зерттелетін сұрақтар бойынша ойын білдіргісі келетін белсенді азамат болсаңыз, онлайн пікіртерім өтікізілетін ресми ғаламтор ресурстары, әлеуметтік желілер мен платформалардағы онлайн пікіртерімді пайдалана аласыз – ресурстарға сілтемелер жақын арада жарияланады. Немесе жедел сауалнамаға қатысуға, яғни электронды не қағаз нұсқасындағы қысқа сауалнаманы толтыруға болады.

Егер Сіз Үшінші сектордың өкілі болып, ұйымыңыздың өз ойларын білдіруге мүмкіндігі болуын және өз ұйымыңыздың әлеуметтік-экономикалық дамуға қосатын үлесін бағалауға арналған барабар және өмірге бейімді әдіснаманы әзірлеуге қатысуға ниеттенсеңіз, «ЗУБР» ӘКҚ-ға жазуыңызға болады, біз сізге сауалнама-пікіртерім жібереміз, сонымен қатар Сіздің ойларыңыз бен ұсыныстарыңызды тіркейміз.
Зерттеу Қазақстанның барлық аймақтарын қамтиды. Қатысуға және өз ойын білдіруге дайын кез-келген адамға қуаныштымыз.

Жоба жаңалықтары мен онлайн пікіртерім сілтемесін жіберіп алмаңыздар!
Барлық сұрақтар бойынша «ЗУБР» ӘКҚ кеңсесіне хабарласуыңызға болады: 8 7232 51-33-88, +7 705 620 75 86 (Евгения Шрейбер, жоба үйлестірушісі)
немесе электронды пошта zubr-kz@mail.ru.