Жарияланған күні: 27.05.2021
2021 жылғы 25-26 мамырда Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің бастамасымен және екі елдің экология министрліктерінің, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының, сондай-ақ БҰҰДБ, ЕО, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы және Украинадағы кеңселерінің қолдауымен бірінші “Қазақстан – Украина” Климаттық диалогы өтті.
Іс-шара гибридті форматта (онлайн және офлайн) өтті, онда Нұр-сұлтан мен Киевтегі екі офлайн-алаң ZOOM платформасы арқылы Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия Климаттық желісінің 200-ден астам мүшесін, сондай-ақ Қазақстанның 500 үкіметтік емес ұйымы телекөпір арқылы қосылды. Форум Қазақстан мен Украина жариялаған көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсаттары аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға екі елден Қазақстан мен Украина үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, экологиялық белсенділері, ҮЕҰ, академиялық институттар, университеттер, бизнес өкілдері мен екі елдің климат саласындағы сарапшылары қатысты. Сонымен қатар, шараға қызығушылық білдірушілер үшін Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің парақшасында тікелей көрсетілім жүргізілді.
Бірінші күні осы іс-шараның ұйымдастырушылары мен бастамашылары Украин және Қазақстан тараптарынан құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев: “Қазақстан мен Украина екі ірі өңірлік держава ретінде жасыл көшудің жеделдеуіне ықпал ете алады. Бұл үшін жекелеген салалардың, тіпті мемлекеттердің күш-жігері жеткіліксіз. Мемлекеттік органдарды, халықаралық ұйымдарды, үкіметтік емес және академиялық секторларды, бизнесті қоса алғанда, көп деңгейлі күш-жігерді шоғырландыру және күшті деңгейлес коммуникациялар қажет”, – деп атап өтті.
Өз кезегінде Украинаның қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ирина Ставчук Украина үкіметінің климаттың шығарындыларын шешуге және парниктік газдарды азайтуға деген ұмтылысы туралы айтты. Ставчук ханым өз сөзінде украин тарапына “Қазақстанмен диалог режимінде ынтымақтасу өте қызықты” екенін, соның ішінде өнеркәсіптік шығарындыларды бақылау жүйесі бойынша тәжірибе алмасуды қолдайтынын атап өтті.
Диалогтың екінші отырысына Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Қайрат Рахимов, Финляндияның климат жөніндегі елшісі Ян Вахлберг және БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігінің орынбасары Виталий Времиш қатысты.
Виталий Времиш шараның жемісті болатынына үміт білдірді, БҰҰ ДБ Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Азаматтық қоғамдастығының және бизнесінің 2060 жылға қарай декарбонизацияға және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуге қатысты іс-қимылдарын қолдауға дайын екенін білдірді.
Бұдан кейін қатысушылар нақты шараларды, соның ішінде Мэрлер келісімін іске асыру, “Жасыл” инвестицияларды тарту, жасыл бизнес мүмкіндіктері және UNIDO жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Осы диалогтың өнімі ағымдағы жылдың маусым айында Бонн қаласында (Германия) өтетін климат жөніндегі Министрлік конференция үшін қабылданған қарар болды.
Сондай – ақ, диалог шеңберінде екі елдің ұйымдары арасында төмен көміртекті технологияларды ілгерілету саласындағы ынтымақтастық туралы үш меморандум жасалды (Алматы энергетика және байланыс университеті – НАНУ жалпы энергетика институты;” Greencubator ” Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, ВЕКЦА Климаттық желісі – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы).