КАЗГЮУмен меморандумға қол қойылды

Жарияланған күні: 09.11.2020


2020 жылдың 6 қарашасы күні, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ  мен «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ арасында бюджеттік емес қаражатты тарту және азаматтық қоғамды дамытуға бірлескен күш-жігерді шоғырландыру бойынша мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру қызметі шеңберінде ынтықмақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қою рәсімінезаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Бәтима Мукина және М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев қатысты.

Меморандум шеңберінде азаматтық бастамаларды, оның ішінде әлеуметтік жобаларды қолдау және іске асыру саласында ұйымдар арасында ынтымақтастық пен достық және әріптестік қатынастарды дамыту жоспарлануда.

Осылайша, екі ұйым арасындағы ынтымақтастық шеңберінде КАЗГЮУ университеті базасында жобаларды басқару саласында тәжірибе мен білім алмасуды жүзеге асыру және Орталықтың грант алушылардың жобалары шеңберінде Университет білім алушыларын жұмысқа орналастыру мақсатында мүдделі тараптарды жобалық жұмысқа тарту үшін CISC Hub құрылатын болады.

Бұдан басқа, Орталық пен Университет арасындағы ынтымақтастық аясында Университет тарапынан жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, сүйемелдеу және мониторингті жүзеге асыру мақсатында Орталықтың әлеуметтік жобаларын сараптамалық сүйемелдеуді және бағалауды қамтамасыз етуді жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, тараптар әріптестік ұйымдар арасындағы барлық деңгейдегі тікелей байланыстарды дамытуға жәрдемдесуге міндеттелді.