“Инновациялық шешімдер” конкурсы жарияланды

Жарияланған күні: 13.01.2021


Еуразия Қоры (ЕҚ) Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасының (CSSP) аясында гранттар арқылы қаржыландыруға арналған «Инновациялық шешімдер» конкурсын жариялайды. «Инновациялық шешімдер» гранттары
2000-нан 10000 АҚШ доллар сомасы аралығында қаржыландырылады.

 

«Инновациялық шешімдер» гранттары әртүрлі әлеуметтік мәселелердің заманауи шешімдерін ұсынатын азаматтық қоғам өкілдеріне және айқын оң өзгерістерге алып келетін азаматтық бастамаларды қолдауға арналған. «Инновациялық шешімдер» гранттар конкурсында  басымдық берілетін бағыттар келесі тақырыптар бойынша жоба идеяларын қолдайды:

  • Сектораралық серіктестіктегі ашық диалогтың жаңа тәсілдері;
  • Өзекті әлеуметтік немесе қоғамдық міндеттердің шешімін табуда жаңа технологияларды пайдалану;
  • Әлеуметтік саладағы фандрейзингтің креатив немесе тәжірибелік тәсілдері;
  • Қауымдастық мәселелерін шешуге азаматтарды тарту механизмдерін құру.

 

Конкурстың мақсаты: Қазақстандағы азаматтық қоғам өкілдерінің «Инновациялық шешімдер» гранттары арқылы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге атсалысатын жаңа идеялар, стратегиялар және/немесе технологияларға негізделген жобаларын қаржыландырады.

 

Конкурстың шарттары: Өтінімді қазақстандық бастамашыл топтар мен тіркеуден өткен азаматтық қоғам ұйымдары беруге құқылы. Жобалардың ұзақтығы 12 айға дейін. Үміткерлер бір циклде бір ғана өтініш бере алады.

 

Өтінім берудің соңғы мерзімі: «Инновациялық шешімдер» гранттары тоқсандық негізде қарастырылады. Өтінімдерді жіберу кестесі төменде көрсетілген:

  • 1 Қаңтар – 28 Ақпан 2021
  • 1 Наурыз – 31 Мамыр 2021
  • 1 Маусым – 31 Тамыз 2021
  • 1 Қыркүйек – 31 Қараша 2021

 

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады: https://www.eurasia.org/sites/default/files/NOFO_ISG_KAZ_KZ.pdf?fbclid=IwAR0dMz5B_35Xg7o4wFMmQPxk0q3PPdhjekoaHMrRNsYC3kSyiQqTHnlOWoY