II Республикалық «ASAR» үшжақты ынтымақтастық форумы өз жұмысын жалғастыруда

Жарияланған күні: 22.06.2018


II Республикалық «ASAR» үшжақты ынтымақтастық форумы өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес және мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық жағдайы талқыланып, жергілікті қауымдастықтарды дамытудың сәтті шыққан модельдері қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, «Спикер№7» атты интеллектуалдық конференциясы өтуде.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ы Форум басталар алдында ҮЕҰ арасында әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін өткізген еді. Байқау қорытындысы бойынша жергілікті қауымдастықты дамытуды көздейтін 100-ден аса жоба түсті. Аталмыш жобалармен http://asarprojects.kz/ сайтынан таныса аласыздар.