Жарияланған күні: 21.06.2018
Бүгін Талдықорған қаласында II Республикалық «ASAR» үшжақты ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады. Шараның алғашқы күні шеберлік сағаттары, семинарлар мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың мән-жайы талқыланатын пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан форум үкіметтік емес ұйымдар, бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруды көздейді.
Шара Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы мен Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.