«Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу» бағыты бойынша жоба жарияланды

ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсы жалғасуда.

Конкурс 12 бағытта 22 тақырып бойынша жарияланды.

 

«Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу» бағыты бойынша жоба жарияланды:

  • Кәсіптік бағдарлау жұмысына, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы хабардар етуге бағытталған іс-шараларды іске асыру..

Жобаның мақсаты: Болашақ кәсіптік қызмет саласын таңдау процесінде  жастарға кәсіптік бағдарлы қолдау көрсету; Жастардың еңбекке деген саналы көзқарасын қалыптастыру, өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіптік тұрғыдан  өзін-өзі айқындау.

«Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу» бағыты бойынша мемлекеттік грантты беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттардың толық пакетін 2 шілде, сағат 18.00-ге дейін ұсынуы қажет.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы конкурсқа қатысушылардың өтінімдерінен елеулі кемшіліктері анықталған жағдайда, оларды түзеуге мүмкіндік алу үшін ҮЕҰ-ға өтінімдерді алдын ала ұсынуға кеңес береді.