Халықаралық балаларды қорғау күнімен!

Жарияланған күні: 01.06.2018


«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ шын жүректен Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайды.

Бұл мейірімді әрі ерекше мереке жас ұрпақтың толыққанды және үйлесімді дамуы біздің жауапкершілігімізде екенін еске салады. Себебі әрбіріміздің ең тәтті естеліктеріміз балалық шағымызбен байланысты.

Балаларды қорғау тақырыбы біздің Орталық үшін өте маңызды және біздің гранттық қызметіміздің негізгі тақырыптарының бірі. Орталық жыл сайын балаларды қорғауға және қолдау көрсетуге бағытталған гранттар ұсынады. Тек биылғы жылы 250 млн. теңгеден астам қаражатқа 15 әлеуметтік жоба келесі бағыттар бойынша жоспарланған: жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасыларға көмек, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау және т.б.

Бұл арнайы мерекеде біздің Орталық балаларымызға зор денсаулық, таудай талап және ашық аспан тілейді.