Жарияланған күні: 06.02.2020
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу жөніндегі тәсілдерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы болып өтті.
Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
Бұл ретте Президент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен жергілікті жерлердегі шенеуніктер арасындағы кері байланыстың болмауына байланысты екендігіне назар аударды.
Жұмыс тобының құрамына орталық мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам, ҮЕҰ, медиа саласы пен ақпаратқа қол жеткізу саласындағы сараптамалық қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Отырыста халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысындағы проблемалар негізінде әзірленген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру тәсілдері таныстырылды.
Мәселен, қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың тұрғындармен өзара іс-қимылына азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу жүйелілігінің және мемлекеттік органдардың проактивтілігінің болмауы әсер етеді.
«Біз осы мәселелерді шешу үшін халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысын жүйелі мониторингілеу және талдау, БАҚ, ҮЕҰ және халықтың келіп түскен сауалдарына жедел ден қою, жоғары орталықтандырылмаған жүйеден «төменнен-жоғары» принципіне көшу, мемлекеттің халықпен электрондық форматта өзара іс-қимылы бойынша «бірыңғай терезе» құру, мемлекеттік органдардың ашық отырыстарын онлайн-трансляциялау, ашықтықтың ведомстволық жоспарларын әзірлеу және бекіту, мемлекеттік органдардың ашықтығы мәдениетін қалыптастыру, әлеуметтік сауалнама жүргізу сияқты тәсілдерді ұсынамыз», – деп атап өтті Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Бекзат Рақымов.
Министрліктің өкілдері ұсынған тәсілдер жұмыс тобының мүшелері тарапынан қолдау тапты. Сонымен қатар, қатысушылар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына арналған тәсілдерді толықтыру мақсатында бойынша мынадай ұсыныстар айтты.
«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының директоры Рақым Ошақбаев тұжырымдамада жаңа трендті – мемлекеттің респонсивтілігін теріс пайдалануды көрсетуді, сондай-ақ тұжырымдаманы әзірлеу кезінде «Open Government Partnership» әдіснамасын пайдалануды ұсынды.
«Мемлекеттің тұрғындардың пікірін елемеуіне- адамдардың өздерінің белсенді болмауы әсер етеді. Халықты экономикалық қауымдастықтарға бірігуге үйрету қажет. Сондай – ақ, (Анықтама: Key Performance Indicator-тиімділіктің негізгі көрсеткіші) мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылының KPI жүйесін енгізу қажет» – деп атап өтті Қазыбек Шайх.
Бұдан бөлек, «Internews Kazakhstan» ұйымының заңгері Ольга Диденко ұйым аталған тұжырымдаманы әзірлеуде мемлекеттік органдардың медиа саласымен өзара іс-қимылы бөлігінде қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығының Орталық Азиядағы құқықтық ортаны жетілдіру бағдарламасының жетекшісі Гүлмира Кужукеева тұжырымдаманы іске асыру үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қызметтің ашықтығына негізделген, бірінші кезекте «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға тиісті өзгерістер енгізу қажет.
Жұмыс тобының мүшелері тұжырымдамада қоғамдық кеңестер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (мәслихаттардың) рөлін көрсету қажеттігін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар жұмыс тобының отырыстарын тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылдады.