Жарияланған күні: 26.07.2017
30 маусымда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – АБҚО) мемлекеттік гранттар конкурсы сараптамалық комиссиясының отырысы өтті.
Қарау нәтижесінде сараптамалық комиссия мен АБҚО 14 грант беру туралы шешім қабылдады.
Үстіміздегі жылдың 21 шілдесінде Қоғамға грант алушы «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінен Астана қаласына көшуіне және «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ төрағасы орынбасарының қайта сайлануына байланысты Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 60 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды беру жөніндегі қосымша жоспардың № 4 «Оралмандар қатарындағы жастарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу бойынша іс-шаралар» тақырыбы бойынша гранттар беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы 2017 жылғы 19 шілдедегі №240 хат келіп түсті.
Қоғамның Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 3 шешімімен бекітілген Сараптамалық комиссия туралы қағидалардың 2.9-тармағына сәйкес форс-мажорлы жағдайлар туындаған жағдайда, Қоғамға жалған ақпарат берілгендігі анықталған жағдайда немесе грант тақырыбы бойынша конкурс аясында ең көп ұпай жинаған ұйым өзге де себептермен грантты жүзеге асырудан бас тартқан немесе аластатылған жағдайда, ең көп ұпай жинаған келесі ұйым жеңімпаз атанады. Орталық комиссияға бұл оқиға туралы хабарлайды, бұл ретте комиссия отырысы қайтадан өткізілмейді.
ІІІ мемлекеттік гранттар конкурсының сараптамалық комиссиясының қорытындысына сәйкес «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ-нен (205 ұпай) кейін ең көп ұпайды «Жанашыр» қоғамдық қоры (199 ұпай) жинады.
Айтылғанның негізінде қарау нәтижелері бойынша және сараптамалық комиссияның қорытындысын ескере отырып, АБҚО басқармасы № 4 «Оралмандар қатарындағы жастарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу бойынша іс-шаралар» тақырыбы бойынша мемлекеттік грантты «Жанашыр» ҚҚ-ға беру туралы шешім қабылдады.