Гранттар жоспарында көрсетілген барлық тармақтар өтінімде де көрініс табуы тиіс

Жарияланған күні: 17.03.2021


Құрметті достар!

Өткен конкурстың қорытындысы бойынша келіп түскен 122 өтінімтің 59-ы бекітілген гранттар жоспарына сәйкес келмеуі себебінен қабылданбады.

Осыған байланысты конкурстық құжаттарды әзірлеу кезінде гранттар жоспарында көрсетілген барлық тармақтар өтінім құжатында толық көрініс табуына ерекше назар аударуды сұраймыз.

Атап айтқанда, грант тақырыбының атауы, негізгі міндеттері мен мақсаттары, күтілетін нәтижелері, іске асыру мерзімі, аумақтық қамтылу шеңбері және Грант сомасы.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мамандары ізденушілерге тегін кеңес беруге әрқашан дайын. Сондықтан өтінімтерді алдын ала тапсыру қажет.