Global Fund for Community Foundations (GFCF) жобаларды қаржыландыруға дайын

Global Fund for Community Foundations (GFCF) қоғамдық қайырымдылық қорларды қолдауға бағытталған жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік бар екенін хабарлайды. Қоғамдық қайырымдылық ұйымдар, оның ішінде қоғамдық қорлар, әйелдер және экология мәселелеріне бағытталған қорлар, ұлттық қоғамдық қорлар және басқа да грант берушілер 7 000-нан 20 000 АҚШ долларына дейінгі мөлшердегі грантты ұсыну конкурсына қатысуға шақырылады. Бағдарламаның мақсатына сәйкес келесі бағыттардағы жобаларға артықшылық беріледі: жергілікті филантропияның жүйесін, мүмкіндіктері мен кедергілерін түсінуге бағытталған іс-шаралар / зерттеулер жүргізу; ресурстарды жұмылдыруға және / немесе жергілікті қайырымдылықтың өсуін ынталандыруға бағытталған жергілікті қоғамдық қайырымдылық ұйымдарының мүмкіндіктері мен күш-жігерін нығайту; қайырымдылық жұмыстарындағы жаңа стратегияларды тестілеу және / немесе апробациялау; тәжірибе / нәтижелерді құжаттау және таныстыру арқылы бүкіл қайырымдылық қауымдастық үшін дәлелдік базаны нығайту.

Бағдарламаның мақсаты: қоғамдық қайырымдылық ұйымдардың тиімділігі мен ұзақ мерзімде қызмет етуін нығайту мақсатында қолдау көрсету

Шарттар: Латын Америкасы, Африка, Азия, Таяу Шығыс, Шығыс және Орталық Еуропа және Орталық Азияның қоғамдық қайырымдылық ұйымдары, оның ішінде қоғамдық қорлар, әйелдер және экология мәселелеріне бағытталған қорлар, ұлттық қоғамдық қорлар және басқа да грант берушілер.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: Өтінімдерді кез келген уақытта ұсынуға болады және олар қаражаттың болуына қарай қарастырылады.

Қосымша ақпаратты келесі сілтеме арқылы ала аласыз: https://globalfundcommunityfoundations.org/what-we-do/grants/apply-for-a-grant/