Жарияланған күні: 28.08.2023
Қазақстан Республикасындағы Германия Елшілігі 2024 жылға арналған адам құқықтары саласындағы жобаларды іске асыру үшін гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсты жариялайды деп, хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Жобалар адам құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы көптеген тақырыптарды қамтуы мүмкін.
Жобаның қай кезде басталуына қарамастан, әрбір жоба 2024 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей аяқталуы тиіс. Елшілік басталып қойған жобаларды қаржыландыруды көздемейді және персонал мен пайдалану шығыстарына арналған ағымдағы шығындарға төлем жасауға жол бермейді.
Жалпы қол жетімді сома: грант сомасы 100 000 еуроға дейін болуы мүмкін.
Бірнеше жылға есептелген жобалар Елшіліктің қаржыландыруын ала алмайды.
Өтініш берушілерге арналған конкурс шарттары:
• Гранттар тек заңды тұлғаларға берілуі мүмкін.
• Үміткер ұйымдар өз жобалары мен шараларын өз персоналының көмегімен үздіксіз бақылай алатындығына кепілдік беруі керек (мониторинг) және олардың табысқа жетуді бақылау тұжырымдамасы бар (қажет болған жағдайда сыртқы бағалау).
• Өтінімдер тек неміс немесе ағылшын тілдерінде берілуі керек.
Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2023 жылғы 22 қыркүйек
Толық ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады: https://kasachstan.diplo.de/kz-ru/-/2612102?fbclid=PAAaZf23J1uyhOhDJt8_8sV0gedYX9-SQJ7tKx9PZqttV05aNxWvfCdufqmDQ_aem_AaY-ZU4eJxijMAdgAO105B9dwj1CcJ_BR1S5OkShQoutlM6Sm3UK2KzaLl_iawR08QU