«Fashion Girls in Business» жобасының қатысушыларымен үшінші мотивациялық кездесу өтеді

Жарияланған күні: 11.05.2021


Құрметті достар!
Ертең, 12 мамырда, «Fashion Girls in Business» жобасының қатысушыларымен үшінші мотивациялық кездесу өтеді. Кездесу қонағы – Алина Абдрахманова.
Алина Абдрахманова Қазақстандағы Geneva Business School негізін қалаушы, аймақтық директоры, сондай-ақ in-VR виртуалды шындық стартапын құрушы. Спикер Қазақстандағы жас әйелдің табысты мансабының құпиясымен бөліседі. Білім беру саласында 9 жылдан астам тәжірибесі бар Алина қатысушыларға шетелдік жоғары білім алу және шетелдік компанияларда тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы айтатын болады. Кездесу барысында қыздар қонақпен жеке әңгімелесіп, жаңа идеялар үшін мотивация және бизнесті бастау үшін практикалық кеңестер ала алады.
Естеріңізге сала кетейік, «Fashion Girls in Business» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен серіктестікте жүзеге асырып келеді. Жоба аясында бұған дейін қыздар тележүргізуші әрі мультибренд дүкендерінің иесі Динара Сәтжанмен және The Steppe Қазақстандық медиастартабының негізін қалаушы Зәуре Розматпен кездескен болатын.