Жарияланған күні: 19.05.2021
Бүгін, 19 мамырда “Fashion Girls in Business” жобасы қатысушыларының Қазақстанның табысты әйелдерімен кезекті мотивациялық кездесуі ұйымдастырылды. Осы аптадағы бейресми кездесудің қонақтары Еуразиялық дизайнерлер Одағының өкілдері – Майя Темірболатова мен Гүлнар Жүнісова.
Майя Темірболатова – көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар дизайнер, сонымен қатар Нұр-сұлтан қаласындағы “Кәсіптік-техникалық колледж” КММ тігін өндірісі бойынша шебері. Гүлнар Жүнісова да дизайнер және “Іңкәр Сезім “ЭТНО-студиясы” ҚҚ басқарады. Еуразиялық Дизайнерлер одағының белсенді мүшелігіндегі екі қонақ та Қазақстандағы дизайн саласындағы жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлерге қолдау көрсету туралы әңгімелейді. Сондай-ақ, қонақтар сән трендтері мен қосымша білім беру сияқты бастаушы дизайнерлердің идеяларын жүзеге асыру бойынша практикалық кеңестерімен бөліседі. Кездесу барысында қыздар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қоя алады.