«EcoBatys 2.0» гранттық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Жарияланған күні: 13.06.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Шелл Қазақстан» компаниясының қаржылық қолдауымен іске асырылатын республиканың батыс өңірлеріндегі үкіметтік емес ұйымдар арасында «EcoBatys 2.0» конкурсының жеңімпаздарын іріктеудің аяқталғаны туралы хабарлайды.

Конкурстың қорытындыларына сәйкес, тәуелсіз сарапшылар комиссиясы 30 өтінімнің ішінен 9 үздік жобаны анықтады. Осылайша, еліміздің Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында «EcoBatys 2.0» жобасы аясында өңірлердегі қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған 3 жобадан іске асырылмақ. Әр гранттың мөлшері 7 миллион теңгені құрайды.

«Сарапшылар жеңімпаздарды келесі бағыттар бойынша таңдады: су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану; жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, жерді тұрақты пайдалану; биологиялық әралуандық пен экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалану. Әр өңірде басым бағыттардың әрқайсысы бойынша бір жобадан іске асырылады», – деп атап өтті Орталықтың жобаларды басқару департаментінде.

Қазақстандық ҮЕҰ-ның экологиялық бастамалары 2023 жылдың соңына дейін іске асырылатын болады.

Айта кетейік, мемлекеттік емес гранттар Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын ілгерілету, сондай-ақ «Шелл» концернінің табиғатқа қамқорлық жасауды көздейтін «Дамуға арналған энергия» жаңа стратегиясын қабылдауы аясында бөлінді.

Жеңімпаздардың толық тізімі төмендегі кестеде ұсынылған.

 

Іске асыру мерзімі ҮЕҰ атауы Жалпы ұпай саны
Жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, жерді тұрақты пайдалану
1. қысқамерзімді «Green Jaiк» Орхус орталығы БҚО ЖҚ (БҚО) 195
2. қысқамерзімді Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясы қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысының филиалы ҚБ (Маңғыстау облысы) 190
3. қысқамерзімді «ТАҢ» қолдау және дамыту қоры (Атырау облысы) 169
Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану
1. қысқамерзімді Ecologica қоғамдық қоры (Атырау облысы) 181
2. қысқамерзімді Бейнеу Жарқын Болашақ  қоғамдық қоры (Маңғыстау облысы) 172
3. қысқамерзімді Үміт – Орал өңірі әйедерінің одағы БҚО ҚБ (БҚО) 150
Биологиялық әралуандық пен экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалану
1. қысқамерзімді «Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы» қоры (Маңғыстау облысы) 176
2. қысқамерзімді «Құрманғазы-Туған жер» қоғамдық қоры (Атырау облысы) 153
3. қысқамерзімді Медиа білім қоғамдық қоры (БҚО) 144