Дін мәселелері бойынша Тараз қаласында қоғамдық қабылдау

Жарияланған күні: 16.06.2017


2017 жылдың 20 маусымында «Діндерді зерттеу орталықтарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірге Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Діни қатынастар саласында консультативтік және практикалық көмек көрсету бойынша «Жедел желі» қызметін ұйымдастыру» тақырыбында дін мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырады.

КІМ КЕЛЕ АЛАДЫ?

Дін саласына қатысты сұрақтар бойынша білікті кеңес алуға ниетті кез-келген адам – сарапшылар, тілшілер, Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары.

ЕГЕР сіздің жақындарыңыз діни сипаттағы проблемалар салдарынан қиын өмір жағдайында болса;

Сізге немесе жақындарыңызға оңалту мамандарының кеңесі мен көмегі қажет болса;

Сіз дін призмасы арқылы сананы арбау туралы сапалы ақпарат іздеген болсаңыз;

Дін саласында ҚР заңнамасын бұзушылық туралы біліп, бұл туралы хабарлағыңыз келсе;

Өзіңіздің кәсіби деңгейіңізді жоғарылату үшін әдістемелік қолдау немесе кеңес қажет етсеңіз, БІЗГЕ ЖҮГІНІҢІЗДЕР.

КІМ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ:

Шерзод Пулатов

Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Қоғамдық сананы жетілдіру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Діндерді зерттеу орталықтарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің сарапшысы (исламтанушы), «Астана қаласындағы өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы, Қазақстан Республикасы өзбектерінің «Дустлик» қауымдастығының жастар қанатының жетекшісі, «Ислам құқығы және құқықтану» докторы, сертификатталған медиатор (Нью-Йорк, АҚШ);

Еркебұлан Нұргалиұлы Есмаханов

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының исламдық діни бірлестіктермен байланыс бөлімінің басшысы

ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ: сағ. 10:00-18:00.

МЕКЕНЖАЙ: Тараз қаласы, Төле би көшесі, №35 (6-қабат, жиналыс залы)

Анықтама және алдын-ала жазылу телефоны:

+7(7262) 43-88-33; +7(701)749-36-09