БҰҰДБ ҮЕҰ-ға 2023 жылға арналған гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсты жариялады

Жарияланған күні: 01.09.2023


Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы «Өзгерістерге арналған альянстар – Орталық Азия елдеріндегі әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық – зомбылық пен зиянды тәжірибелердің барлық түрлерін жою» Орталық Азия елдеріне арналған Spotlight Initiative өңірлік бағдарламасы шеңберінде үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдардан гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсқа өтінімдерді қабылдауда.

Гранттың мақсаты:
– Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы шараларды күшейту мақсатында азаматтардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін ұйымдарды анықтау және қолдау:
– Құқық қолдану практикасы мен тәсілдерін өзгерту арқылы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуды жақсарту;
– Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жою үшін заңдардың, саясаттың және есеп беру жүйелерінің тиімділігін арттыру;
– Зорлық-зомбылықтан аман қалғандар үшін құқық қорғау органдары жүйесі қызметтерінің сапасын арттыру.

Жалпы қол жетімді сома:
Бір гранттың максималды сомасы – 15 000 АҚШ доллары.

Конкурс шарттары:
● Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстандағы үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарын, зерттеу және оқу орталықтарын, кәсіптік қауымдастықтарды, қорларды және т. б. коммерциялық емес ұйымдар өтінім беруге құқылы;
● Өтініш берушілер тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсету, зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саясатын әзірлеу, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, әйелдер мен қыздарға қатысты зиянды тәжірибелерді жою, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық статистикасын жақсарту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласында жұмыс істеуге тиіс.
● Грант алуға өтінім берген кезде ұйымның кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы және гранттардың тақырыптық салаларындағы жобаларды іске асыру үшін қаржылық және адами ресурстары болуы тиіс.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі: 2023 жылғы 04 қыркүйек, 18: 00 (GMT+6) (Астана уақыты бойынша)
Толық ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады: https://procurement-notices.undp.org/view_notice.cfm?notice_id=97968

Бағдарлама қоғамның жыныстық зорлық-зомбылыққа төзбеушілігін қалыптастыруға ықпал етіп, Орталық Азиядағы 35 миллионнан астам әйелдер мен қыздарға көмек көрсетеді деп күтілуде.