Болашаққа сенімді қадам ол ерекше балалардың тәуелсіз өмірге бейімделуі.

Жарияланған күні: 01.10.2024


“Ана махаббаты” Қоғамдық Қоры Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы және бірыңғай грант операторының қолдауымен 18 жастан асқан ерекше қажеттіліктері бар балаларға дербес өмірге бейімделуге белсенді көмектесуде. Бұл жобаның аясында біздің еріктілер Балаларға тәуелсіз өмір сүруге және өз қабілеттеріне сенімді болуға көмектесетін маңызды өмірлік дағдыларды үйретеді.

Үйретудің негізгі бағыттары:

  1. Тұрмыстық дағдылар: тамақ дайындау, киім жуу және үтіктеу, тазалықты сақтау.
  2. Қаржылық сауаттылық: бюджетті дұрыс жоспарлау және сатып алуды өз бетінше жасау.
  3. Әлеуметтік бейімделу: қонақтарды қабылдау, дастархан жаю және дастарханды жинау.

Ерекше балалардың өмірін тәуелсіз ететін басқа да тұрмыстық міндеттерді үйрету.