Жарияланған күні: 03.12.2024
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған жария есептің өткізілетіні туралы хабарлайды. Шара аясында Орталықтың қызметкерлері мемлекеттік гранттар байқауына қатысу мәселелері бойынша түсініктемелер беретін болады.
Панельдік сессияларда спикерлер жеңген гранттардың аясында халықаралық шараларға қатысу бойынша сараптамалық тарихтарымен бөлісіп, инклюзивті қоғамды дамытудағы гранттық жобалардың рөлін талқылауды және гранттық тетіктің трансформациясын талдайды, өмір сүру сапасын арттыру және орнықты әлеуметтік және экономикалық жобаларды жүзеге асыру жолдарын ұсынады, ал шағын грант алушылар өз бастамаларын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, бастарынан өткен қиындықтар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы әңгімелейді.
Бірыңғай грант операторы 2024 жылды 117 үкіметтік емес ұйым жүзеге асырған 190 жоба бойынша қорытындылап, гранттық тетікке қатысты барлық сұрақтарға жауап береді.
Кездесуге ҮЕҰ-ның 200-ден астам өкілі және шағын гранттардың жеңімпаздары (50 қатысушы офлайн, 150 қатысушы онлайн), мемлекеттік органдардың, сараптамалық қоғамдастықтың және БАҚ өкілдері қатысады. Шараның спикерлері ретінде грант алушылар, сарапшылар, жоба бенефициарлары және басқа да серіктестер сөз сөйлейді.
4 желтоқсандағы онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/live/bqFoiMHyh04?feature=share
5 желтоқсандағы онлайн трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/live/fXqWsljvvyQ
Барлық серіктестер мен мүдделі тараптарды 2024 жылғы 4-5 желтоқсанда өтетін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қорытынды онлайн конференциясына шақырамыз!
Өтетін орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ кеңсесі.
Өтетін күні: 2024 жылғы 4-5 желтоқсан.
Іс-шараның басталуы: сағ. 10.00.
Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8(7172)790820, электрондық пошта: info@cisc.kz.