Жарияланған күні: 22.08.2023
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстарының және Астана, Алматы, Шымкеньт қалаларының жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен кездесті деп, хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесулер бірыңғай гранттық оператор тетігі арқылы үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды ұсыну мүмкіндігін қарастыру мақсатында өткізілді. Жиынға ішкі саясат, экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім, қаржы, тілдер мәдениеті басқармаларының, сондай-ақ өңірлердің бірқатар аудандық бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Орталықтың қызметкерлері кездесуге қатысушыларға гранттық оператор қызметінің негізгі бағыттары, грант алушыларды қаржыландыру рәсімдері мен тәртібі туралы айтып берді.
Айта кетйік, шара ҮЕҰ-ға гранттарды жергілікті бюджеттерден 2024 жылы ұсыну мүмкіндігін қарастыру үшін ұйымдастырылған болатын.