«Birgemiz:Qamqor» және «Birgemiz:Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобаларының үйлестірушілерімен кездесу өтті

Жарияланған күні: 10.06.2020


2020 жылдың 9 маусымында «Birgemiz» республикалық волонтерлер Фронт-офисінің ғимаратында Басқарма Төрағасы Б. Мукина ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің және Ұлттық волонтерлер желісінің өкілдеріменсонымен қоса, «Birgemiz:Qamqor» және «Birgemiz:Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобаларының үйлестірушілерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты – барлық мүдделі тараптардың бірыңғай жұмыс форматын әзірлеу болды.

Аталған кездесуде жалпыұлттық жобаларды іске асыру барысы, сондай-ақ перспективалары мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында «Birgemiz: Qamqor» және «Birgemiz:Sabaqtastyq» ұлттық жобаларының үйлестірушілері сөз сөйлеп, жобаларды одан әрі іске асыру жоспарларымен бөлісті.

Шара соңында қатысушылар «Birgemiz» республикалық волонтерлер Фронт-офисімен танысты.