«BIRGEMIZ: ÚMIT» жалпыұлттық жобасы шеңберінде шағын гранттар байқау

«BIRGEMIZ: ÚMIT» жалпыұлттық жобасы шеңберінде шағын гранттар байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    • Осы Ереже «Birgemiz: Úmit» жалпыұлттық жобасы (бұдан әрі –жоба) шеңберінде жоғалған адамдарды іздеу, зілзала тәуекелдерін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі жобаларға волонтерлерді тарту бойынша нақты міндеттерді шешуде азаматтардың жеке күш-жігерін (ерікті миссия) және волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған Шағын гранттар конкурсын өткізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Байқау).

Гранттардың жалпы сомасы 9 000 000 (тоғыз миллион теңге) құрайды. Байқау шеңберінде 30 жеңімпаз анықталады, олар өздерінің волонтерлік бастамаларын іске асыруға 300 000 (үш жүз мың) теңге мөлшерінде шағын гранттар алады.

  • Байқау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның жоғалған адамдарды іздеу, зілзала тәуекелдерін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі жобаларға еріктілерді тарту бойынша «Birgemiz: Úmit» жалпыұлттық жобасын іске асыру» грантының шеңберінде өткізіліп жатыр.
  • Ережеде келесі тұжырымдамалық аппарат қолданылады:

Оператор – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Ұйымдастырушы – үкіметтік емес ұйым, оператордан грант алушы;

Шағын гранттар – жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған бастамашыл топтарға, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар.

Өтініш беруші – байқауға қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының нысаналы өңірлерінің бастамашыл топтары мен үкіметтік емес ұйымдары;

Шағын грант иегері – конкурс жеңімпазы, шағын грант иеленген үкіметтік емес ұйым немесе бастамашыл топ;

Бастамашыл топтар – әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 2 немесе одан да көп адамның ерікті бірлестіктері.

Байқау – осы Ережеге сәйкес шағын гранттар беру үшін жеңімпазды анықтау процесі.

Байқау комиссия – шағын грант иегерлерін іріктеу мақсатында өтінімдерді бағалау үшін Ұйымдастырушы құратын алқалы орган.

 

  1. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1.Байқаудың мақсаты:

Жоғалған адамдарды іздеу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі жобаларды іске асыруға азаматтардың қатысуын кеңейту;

2.2. Байқаудың міндеттері:

осы салада халық арасында волонтерлікті дәріптеу;

халықты төтенше жағдайлар орын алғанда іс-қимылдарға дайындау, оның ішінде су объектілерінде төтенше жағдайлар туындауының алдын алу мақсатында халық арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

төтенше жағдайлар саласындағы жобаларды қолдау құралдарының қолжетімділігін кеңейту.

 

  1. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

3.1. Шағын гранттар байқауына қатысуға Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары, бастамашыл топтары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдары жіберіледі.

3.2.Жеке өтінім берген жағдайда өтінім берушінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс.

3.3.Бастамашыл топтың атынан өтінім берілетін жағдайда, топ басшысы 18 жастан асқан болуы тиіс. Топтың қалған мүшелеріне қойылатын талаптар: бастамашыл топтың қатысушылары 18 жастан асқан болуы тиіс. Байқауға қатысуға өтінімді бастамашыл топтың басшысы оның барлық мүшелерін көрсете отырып беруі тиіс. Бастамашыл топтың барлық мүшелері, кемінде 10 адам, ТЖ еріктілері базасында тіркелуі тиіс (тіркеуге сілтеме https://forms.gle/XtUBDXeSFvdn4Qsm9).

3.4.Байқауға қатысатын үкіметтік емес ұйымдар келесі талаптарға сай болулары тиіс:

ұйымның (ҮЕҰ) кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.

өтінім берген сәтте ҮЕҰ-да ауыртпалығы жоқ қолданыстағы есеп айырысу шоты болуы тиіс.

топтың қалған мүшелеріне қойылатын талаптар: топ мүшелері 18 жастан асқан болуы керек. Топтың барлық мүшелері, 20 адамнан кем емес, ТЖ еріктілері базасында тіркелуі тиіс (тіркеуге сілтеме https://forms.gle/XtUBDXeSFvdn4Qsm9).

3.5.Өтінімдерді қарау кезінде волонтерлік саласындағы бағдарламаларды/жобаларды іске асыруда тәжірибесі бар өтініш берушілерге басымдық берілетін болады. Сертификаттар, алғыс хаттар, ұсыныстар, жарияланымдар немесе волонтерлік тәжірибенің басқа да растамаларының болуы қосымша артықшылық болады.

 

  1. 4. ЖОБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

4.1.Жобалар азаматтарды волонтерлік қызмет практикасына тарту үшін тиімді тетіктер мен қолайлы жағдайлар жасау арқылы волонтерлікті жүйелі дамытуға бағытталған тұжырымдамаға сәйкес келуге тиіс.

4.2.Жобалар азаматтардың жеке күш-жігерін (ерікті миссия) және ТЖ саласындағы нақты жергілікті міндеттерді шешудегі волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталуы тиіс. Ұсынылған бастама жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қаупін азайту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі жобаларды іске асырумен, Қазақстан Республикасы азаматтарының волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандырумен айналысуы керек және «Birgemiz: Úmit» жалпыұлттық жобасының бағытына сәйкес келуі тиіс.

4.3.Келесі бағыттар бойынша жобалар қабылданады:

ТЖ саласындағы волонтерлік жобалар;

жоғалған адамдарды іздеу бойынша волонтерлік жобалар;

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және апат тәуекелдерін төмендету бойынша волонтерлік жобалар;

4.1 т. сәйкес келетін басқа да бағыттар.

4.4.Жоба шарт жасалған сәттен бастап (қыркүйек-қараша) 3 (үш) ай ішінде іске асырылуы тиіс.

4.5 Конкурстық комиссия іріктеу кезеңінде мынадай жобаларға артықшылық береді: жүйелі, бар, өңірдегі жағдайды түбегейлі өзгертетін жобаларға.

4.6. Жоба шеңберіндегі шығыстар еңбекақы төлеуге, кеңсені қамтамасыз етуге және басқа да әкімшілік шығындарға емес, волонтерлік бастамаларды іске асыру үшін әртүрлі шығын материалдарын қолдауға (арнайы киім-кешек, инвентарь, құрал-жабдықтар сатып алу) бағытталуы тиіс.

4.7.Ақпараттық баннерлерді жариялау, әлеуметтік желілердегі ақпараттық іс-шаралар түрінде ақпаратты тарату арқылы кемінде 2000 адам тікелей қамтылуы тиіс.

4.8.Жоба өтінім нысанына (№1 қосымша) сәйкес толық рәсімделуі тиіс.

 

  1. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

5.1.Байқау 2022 жылғы 01 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 шілдеге дейін жалғасады.

5.2.Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау:

5.3.Байқауға қатысу үшін осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес рәсімделген pdf форматындағы жобалық өтінімдерді 2022 жылдың 31 шілдесі Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін kzovolumit@gmail.com электрондық поштасына жіберу керек. Хат тақырыбында «Шағын гранттар байқауы» деп көрсету қажет.

5.4.Жобаның мәнін ашатын презентация немесе бейнеролик болған жағдайда, оларды өтінішпен бірге поштаға жіберіңіз.

5.5.Қажет болған жағдайда ұйымдастырушылар өтініш берушіден Байқауға қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.

5.6.Байқауға қатысуға берілген өтінім қатысушының Осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттарға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

5.7.Өтінім берушілер тарапынан Байқауға қатысу тегін негізде жүзеге асырылады.

5.8.Байқауға қатысушы өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін өзінің Байқауға қатысуға жіберген өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.

5.9.Белгіленген күннен кейін келіп түскен өтінімдер, қаралмайды.

5.10.Ұйымдастырушылар алынған ақпараттың құпиялылығына және жеке деректердің сақталуына кепілдік береді.

5.11.Грант алушыларды іріктеу 2022 жылдың 20 тамызына дейін жүргізіледі.

5.12.Іріктеудің аяқталғаны туралы хабарландыру жобаның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланатын болады:

Instagram: @kzovol

Facebook: https://www.facebook.com/Kovalhttps://www.facebook.com/cisc.kz/https://qazvolunteer.kz/

 

  1. ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ

6.1.Кемінде 5 адамнан тұратын байқау комиссиясын ұйымдастырушы Оператормен келісе отырып, конкурстық өтінімдерді бағалауды жүзеге асыру үшін азаматтық қоғам институттарының, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнестің өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, сарапшылар қатарынан қалыптастырады.

6.2. Комиссия мүшелері грант иегерін таудауда байқаудың мақсаттарына, міндеттеріне және өлшемшарттарына сәйкес шешімдерді әділ шығаруға міндетті.

6.3. Байқау комиссиясының отырысы, егер оған оның мүшелерінің 2/3-і қатысса, заңды болып табылады. Шешім қарапайым әдіспен – көпшілік дауыспен қабылданады.

6.4. Байқау комиссиясының төрағасы конкурстық комиссияның отырысында сайланады.

6.5.Комиссия шешімдері отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

6.6. Байқау комиссиясының шешімі хаттамамен рәсімделеді, онда оның мүшелерінің ерекше пікірлері көрсетілуі мүмкін. Хаттамаға байқау комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

6.7. Байқау комиссиясының хатшысы Ұйымдастырушы тараптың өкілі болып табылады, ол оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

6.8. Байқау комиссиясының шешімдері қайта қарауға жатпайды.

6.9. Өтінімдерді бағалау және байқау жеңімпазын айқындау барысында «мүдделер қақтығысы» туындаған жағдайда, жеке мүдделілігі шешім қабылдау процесіне әсер етуі мүмкін байқау комиссиясының мүшесі туындаған «мүдделер қақтығысы» туралы конкурстық комиссияға хабарлауға және Комиссия мүшелері қатарынан шығуға тиіс

 

  1. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

7.1. Комиссия мүшелері жобаларды №3 қосымшада көрсетілген критерийлер бойынша 5 балдық шкала бойынша бағалайтын болады.

7.2. Байқау ережесіне сәйкес ең жоғары балл жинаған жобалар жеңімпаз болып анықталады.

7.3. Жобаның жалпы балы конкурстық комиссияның барлық мүшелері қойған қорытынды балдардың орташа арифметикалық сомасы болып табылады.

7.4. Ең жоғары жалпы балл жинаған өтінім берушілер конкурс жеңімпаздары болып танылады.

 

  1. ШАҒЫН ГРАНТТАР БЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК ТӘРТІБІ

8.1. Байқау ұйымдастырушылары шағын гранттардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізуге міндетті.

8.2. Жобаны іске асыру мониторингі осы Ереженің 4 және 5-қосымшаларына сәйкес шағын грант иегері ұсынған әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты және оларды іске асыру туралы есептерді жинау, өңдеу және талдау арқылы жүзеге асырылады.

8.3. Мониторинг критерийі шағын грант беру туралы шартқа міндетті қосымша болып табылатын осы Ереженің 1-Қосымшасының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген жоба туралы ақпаратқа және жобаны іске асыру жоспарына негізделеді.

8.4. Мемлекеттік гранттарды іске асыру мониторингінің өлшемшарттары мыналарды қамтиды:

– белгіленген мерзімдерге сәйкес жоспарланған мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды және күтілетін нәтижелерді уақтылы орындау;

– есептерде және өзге де құжаттарда көрсетілген ақпараттың анықтығы мен толықтығы.

8.5. Жоба тиісінше орындалмаған және грант қаражаты мақсатсыз пайдаланылған жағдайда, шағын грант иегері орындалмаған жұмыс көлемі үшін немесе мақсатсыз жұмсалған қаражат үшін грант қаражатын қайтаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

8.6. Есептерді уақтылы тапсырмаған жағдайда шағын грант иегері ұйымдастырушыға Шағын грант беруге арналған шарттың жалпы сомасынан әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

8.7. Шағын грант иегері оператор мен ұйымдастырушыға жобаның іске асырылу барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы ақпаратты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауға келісім береді.

8.8 Гранттық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат, сондай-ақ нәтижелері шағын грант иегерінің әлеуметтік желілердегі парақшасында жариялануы тиіс.

 

  1. ГРАНТ ҚАРАЖАТЫН АУДАРУ ТӘРТІБІ

9.1. Өтініш берушілерге гранттар бөлу Шағын гранттар байқауының қорытынды хаттамасының және шағын грант беру туралы қол қойылған шарттың негізінде жүзеге асырылады.

9.2. Шағын грант иегері – Үкіметтік емес ұйымдарға  шағын грантты қаржыландыру ҮЕҰ-ның есеп шотына екі төлеммен аудару арқылы жүзеге асырылады:

– Гранттың 70% мөлшеріндегі алғашқы төлем шарт жасалғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде аударылады;

– Гранттың 30% мөлшеріндегі екінші төлем Ұйымдастырушы аралық бағдарламалық және қаржылық есепті қабылдағаннан кейін аударылады.

– Гранттық қаражатты аударудың басқа шарттары Тараптардың жазбаша келісімі бойынша мүмкін.

9.3. Бастамашыл топтар үшін грантты қаржыландыру жобаның бекітілген сметасына сәйкес қойылған, Шағын грант иелері ұсынатын төлем шоттары бойынша тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің есеп айырысу шотына Ұйымдастырушының қаражатты аударуы арқылы жүзеге асырылады.

9.4. Бастамашыл топтардың Еңбек ресурстарын тартуы Ұйымдастырушы мен тартылған маман – Орындаушы арасындағы қызметтер көрсетудің үлгілік шартының негізінде бастамашылық топтың өтінімі бойынша бекітілген жоба сметасына сәйкес жүзеге асырылады.

9.5. Бастамашыл топтың тартқан мамандарының қызметтеріне ақы төлеуді ұйымдастырушы орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде Орындаушының есеп шотына салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ұстай отырып, ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.

9.6. Сметаны түзету Байқау ұйымдастырушысын жазбаша хабардар ету жолымен мүмкін.

 

 

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

 

9.1. Туындаған барлық дауларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байқау ұйымдастырушылары мен комиссия шешеді.

10.2. Байқауға қатысуға қатысты барлық сұрақтар бойынша волонтерлік бастамаларды іске асыру жөніндегі менеджер Иванов Вениаминге хабарласуға болады, байланыс телефоны: 8 777 452 82 74

10.3. Байқауды ұйымдастырушылар: «Қызылорда еріктілері» Қоғамдық Қоры, Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, С. Толыбеков көшесі, 2Б, байланыс тел: 8 777 452 82 74, e-mail: kzovolumit@gmail.com

 

1 Қосымша

  1. Өтініш берушінің анкетасы

 

        Үкіметтік емес ұйымдар үшін:

 

Заңды мәртебесі көрсетілген ұйымның қазақ және орыс тілдеріндегі толық атауы
Заңды тіркелген күні
Ұйымның заңды мекенжайы

(пошта индексі, облыс, елді-мекен, көше, үй, кеңсе)

Ұйымның нақты мекенжайы

(пошта индексі, облыс, елді-мекен, көше, үй, кеңсе)

Ұйым контактілері

(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, ЖСК, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсетілетін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
Ұйымның бірінші басшысының аты-жөні
Басшы лауазымының атауы
Басшының контактілері

(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)

Ұйым есепшісінің аты-жөні
Есепшінің контактілері

(жұмыс телефоны, факс, электрондық пошта)

Ұйымның құрылтайшылары туралы мәліметтер

(Құрылтайшылардың аты-жөні / құрылтайшы ұйымдардың атауы)

Жарғыға сәйкес заңды тұлғаның қызметі, штаттық қызметкерлер саны
Мақсатты аудитория /адрестік топ

Бастамашыл топтар үшін:

 

Елді мекен
Бастамашыл топтың басшысы туралы мәліметтер:
Аты-жөні
Туған күні
Білімі
Оқу/жұмыс орны
Марапаттар, сертификаттар, курстар
Ұялы телефон
Байланыс телефоны
Электронды мекенжай
Әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар
Қосымша мәліметтер
Бастамашыл топтың қатысушылары туралы мәліметтер:
1 қатысушы (әрбір қатысушыға жеке толтырылады)
Аты-жөні
Туған күні
Ұялы телефон
Электроннды мекенжай
Әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар
2 қатысушы
3 қатысушы және т.б.

 

 

       

  1. Әлеуметтік жобаларды іске асыру тәжірибесі туралы мәліметтер

 

Жобаның атауы, мақсаттары, міндеттері, мазмұны Іске асыру мерзімі Қол жеткізілген нәтижелер Жұмсалған ресурстар (қаржылық, материалдық, адами және т. б.)
1.
2.

 

 

  1. Жоба туралы ақпарат (шартқа міндетті қосымша болып табылады)

 

1. Жобаның атауы

(жобаның атауын қазақ және орыс тілдерінде көрсетіңіз)

2. Жобаның мақсаты

Сіздің жобаңыз не үшін қажет? Жоба Сіздің елді мекеніңіздің қандай әлеуметтік мәселесін шешеді?

3. Жобаны іске асыру аумағы
4. Жобаның мақсатты тобы

Сіздің жобаңыздан кімге пайдалы болады?

5. Мақсатты топта қанша адам қамту  жоспарланған

Сіздің жобаңыздан қанша адам пайда көреді? Нақты санды көрсетіңіз

6. Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы. Жоба бойынша іс-шаралардың тізімі

Жобаны жүзеге асыру үшін не істейсіз? Мұны қалай істейсіз? Қандай іс-шаралар өткізесіз?

7. Жоба бойынша серіктестер

Жобаны кіммен іске асырасыз? Кімнен көмек сұрайсыз? Кімді тартасыз? Серіктес ретінде қандай ұйымдар мен мекемелерді тартуды жоспарлап отырсыз? (Серіктестердің атауларын көрсетіңіз)

8. Жобадан күтілетін нәтижелер мен әлеуметтік әсері

Сіз соңында не аласыз? Сіздің жобаңыз жергілікті тұрғындарға қандай пайда әкеледі? Жоба аяқталғаннан кейін сіздің аймағыңызда қандай өзгерістер болады?

9. Жобаның жалпы құны (теңгемен) Жобаны іске асыру үшін сізге қанша ақша қажет?
10. Жобаның тұрақтылығы

Қаржыландыру аяқталғаннан кейін жобаны жалғастыра аласыз ба? Жобаны қалай жалғастыруды жоспарлап отырсыз?

11. Халықты ақпараттандыру

Адамдар сіздің жобаңыз туралы қалай біледі? Жоба туралы ақпаратты қайда орналастырасыз?(Мүмкіндігінше атауын көрсетіңіз).

12. Әлеуметтік жобаның тәуекелдері

Жобаның барысы мен нәтижесіне қандай тәуекелдер әсер етуі мүмкін? Мұндай салдарды азайту ықтималдығын қалай төмендетуді жоспарлап отырсыз?

 

  1. Жобаны іске асыру жоспары (шартқа міндетті қосымша болып табылады)

 

Әрекет / іс-шара Жоспарланған мерзімдер Қатысушылар Топтың жауапты мүшесі
1 2 3 4 5

 

 

  1. Жоба шығыстарының сметасы
Шығыстар бабы Бірлік саны Баға Сомма
1 2 3 4       5
Барлығы

 

Өтінімге мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс::

а. ұсыныс хаттар (бар болған жағдайда);

  1. жобаның презентациясы, жоба туралы бейне (бар болған жағдайда).

 

Байқау қорытындылары жарияланғаннан кейін, әлеуетті грант алушылар келесі құжаттарды ұсынуы тиіс::

 

Бастамашыл топтар үшін:

 

– жеке куәліктің сканерленген нұсқасы;

-20 таңбалы шот нөмірінің болуы туралы қолы мен мөрі бар банк анықтамасының сканерленген нұсқасы;

– салық органынан Борышкерлер тізілімінде жоқ екендігі туралы мәлімет;

 

Үкіметтік емес ұйымдар үшін:

– заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың сканерленген нұсқасы;

–      ұйым қызмет алатын банктен қолы мен мөрі бар анықтаманың сканерленген нұсқасы: банктік шоттың болуы және міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы туралы

 

 

2 қосымша

 

ЖОБАНЫ БАҒАЛАУ НЫСАНЫ

 

Критерийлерге сәйкестікті бағалау шкаласы: 0-5 балл (бүтін сандар):
Өтінім нөмірі: 0 балл сәйкессіздік
Жобаның бағыты: 1-2 балл нашар сәйкестік
Комиссия мүшесінің аты-жөні: 3 балл қанағаттанарлық сәйкестік
Қолы: 4 балл жақсы сәйкестік
Күні: 5 балл тамаша сәйкестік

 

 

 

3 қосымша

 

 

№ п/п Бағалау критерийлері Бағалау (0-5 балл)
1 Жергілікті қоғамдастықтардың проблемаларын шешуге халықтың қатысуы 5
2 Мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкес келуі және міндеттерді шешудің тиімділігі 5
3 Болашақта жобаның жүйелілігі мен өміршеңдігі 5
4 Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы 5
5 Бюджеттің орындылығы мен негізділігі 5
Балдардың жалпы сомасы:

 

4 қосымша

Жобаның нәтижелері туралы есеп

Шағын грант иегері:
Жобаның атауы:

 

Әрекет / іс-шара Өткізу мерзімі Қатысушылар Нәтижелер
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.

 

Шағын грант иегері:
Күні:
Қолы:

  

5 қосымша

Жобаның шығындары бойынша есеп

Шағын грант иегері:
Жобаның атауы:

 

Шығыстар бабы

(тауарлар, қызметтер)

Өлшем бірлігі Бірлік саны Бағасы Сомасы Қызметтерді, тауарларды жеткізуші

(есепті тапсыру кезінде)

1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
  Барлығы:          

 

Шағын грант иегері:
Күні:
Қолы:

 

6 қосымша

Қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт

 ___________                                                                                                  «__» _____ 2022 ж.

 

______________(бұдан әрі – Ұйым) атынан Жарғы негізінде әрекет ететін ____________________, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, бір жағынан, және ____________________, ЖСН ____________________, жеке куәлік №________ _________ж. ҚР ІІМ берілді бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, екінші жағынан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:

 

  1. Шарттың мәні

1.1. Тапсырыс беруші тапсырады, ал Орындаушы өзіне _________________________________ бойынша қызмет көрсетуге міндеттерді алады.

1.2. Шарттың нысанасы болып табылатын Техникалық талаптар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын «Техникалық ерекшелікте» (№1 қосымша) айқындалған.

1.3. Қызмет көрсету мерзімі ___________бастап  ____________ дейін.

 

 

  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

2.1. Орындаушының:

2.1.1. Ұйым қызметі бойынша кеңестер және/немесе ұсынымдар алу үшін Тапсырыс берушіге жүгінуге;

2.1.2. Егер Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша өз міндеттерін орындамаса не тиісінше орындамаса, көрсетілетін қызметтерді орындауды тоқтата тұруға құқығы бар.

2.2. Орындаушы:

2.2.1. тиісті сапамен уақтылы қызмет көрсетуді жүзеге асыру, яғни Ұйым қызметіне кәсіби қаржылық консультация беру бойынша сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;

2.2.2. тапсырыс берушіден дәлелді ескерту алған жағдайда, Тараптар келіскен мерзімде жіберілген қателерді немесе дәлсіздіктерді қосымша ақысыз жоюға міндеттенеді;

2.3. Тапсырыс беруші:

2.3.1. осы Шарттың 3.1 тармағына сәйкес Орындаушының қызметтеріне уақтылы ақы төлеуге міндеттенеді;

2.4. Тапсырыс берушінің құқықтары:

2.4.1. егер елеулі кемшіліктер болса, қызметтердің сапасына шағым жасауға құқы бар. Шағым қызмет көрсету сапасына, сондай-ақ кемшіліктерді жою мерзімдері мен жолдарына қатысты Тапсырыс берушінің нақты ескертулерін қамтуы тиіс. Орындаушы ескертулерді қабылдамаған не Орындаушы ескертулерде көрсетілген әрекеттерді орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші ешқандай шығындарды өтемей, осы Шартты бұзуға құқылы. Егер осы Шарттың 3.1-тармағына сәйкес Орындаушыға тиесілі сыйақы төленген жағдайда.

2.4.2. орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оған қол қойып, және бір данасын орындаушыға жіберу. Орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің сапасына ескертулер болған жағдайда осы тармақта көрсетілген мерзімде Орындаушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хат жіберіледі

2.4.3. ескертулерді жойғаннан кейін орындаушыдан жұмысты/қызметті қабылдау және орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою. Егер Орындаушы кемшіліктерді жоймаса, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылмайды.

2.4.4. Шартты кез келген уақытта біржақты тәртіппен бұзу.

 

 

  1. Шарттың бағасы және есеп айырысу тәртібі

3.1. Қызметтердің құны ай сайын __________ (________________________) теңгені құрайды, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды, алымдарды және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді ескергендегі сома, және Тапсырыс беруші ай сайын атқарылған жұмыстар актісіне қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде төлейді.

3.2. Қызметтер осы Шарттың деректемелерінде көрсетілген Орындаушының банктік шотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне қол қойылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде төленеді

 

  1. Тараптардың жауапкершілігі

4.1. Тараптар Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кінәлі Тарап екінші Тарапқа келтірілген шығындарды өтейді.

4.2. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш мән-жайларының (форс-мажорлық жағдай) әсеріне байланысты болса, жауапкершіліктен босатылады. Мұндай жағдайларға су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, жарылыс, дауыл, топырақтың шөгуі, індет және өзге де дүлей зілзалалар, сондай-ақ соғыс немесе әскери іс-қимылдар жатады, бірақ бұлармен шектелмейді.

 

  1. Қорытынды ережелер

5.1. Осы Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы сотқа дейінгі реттеумен шешіледі.

5.2. Тараптар уағдаластыққа келе алмаған жағдайда ондай келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта шешіледі.

5.3. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалған және Тараптардың өкілдері қол қойған және олардың мөрлерімен бекітілген жағдайда ғана жарамды болады.

5.4. Осы Шарт орыс тілінде екі данада жасалды, олардың әрқайсысының бірдей заңды күші бар.

  1. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Тапсырыс беруші

 

Төраға _____________

 

Орындаушы

                

__________________Жеке тұлға

 

 

 

Шартқа 1 қосымша

Қызметтердің техникалық сипаттамасы

Осы техникалық ерекшелікте _______________________________________ бойынша қызмет көрсету талаптары келтірілген.

 

Талаптар: