Жарияланған күні: 25.05.2020
Волонтер жылы аясында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Birgemiz: Taza Álem» жалпыұлттық жобасы іске асырылып жатыр.
Жобаны іске асыруға 55 миллион 693 мың теңге қаржы бөлінген.
Оның мақсаты – азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту саласында волонтерлер қызметіне тарту, ағаш отырғызу мен қоқысты сұрыптауға үйрету, экологиялық волонтерлер қозғалысымен өзара әрекеттесу болып табылады.
Жобаны іске асырудағы күтілетін нәтижелер:
-Азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу мен қоқысты сұрыптауға үйрету;
– Нақты жергілікті міндеттерді шешуге бағытталатын 300 мың теңгеге дейін 68 шағын гранттар бөлу көзделді;
-1000-ға жуық азамат және волонтерлерді тарту және оқыту;
-Жастар арасында эко-волонтерлікті кеңінен насихаттау;
-Көгалдандыру жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар;
-Жануарларды қорғау жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар.
Азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету мақсатында 3 облыста мүдделі ұйымдармен, түрлі эко-қозғалыстармен ынтымақтастық туралы меморандум жобасы әзірленді. Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының жастар ресурстық орталықтарында волонтерлерді қолдау орталықтары ашылды.
Орталықтар келесі мекен-жай бойынша орналасқан:
Қостанай қаласы бойынша: 1 май көшесі, 151, 1 қабат, 5 кабинет. Жоба үйлестірушісі – Өтебаев Дамир.
Орал қаласы, 5-шағын аудан, Мәскеу көшесі 18, Оқушылар сарайы 3 қабат, «Bastau» коворкинг орталығы. Жоба үйлестірушісі – Ғұмаров Жұмажан.
Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі 47, 2 қабат, қабылдау бөлмесі, Жоба үйлестірушісі – Мырзахметова Айша.
Сондай-ақ, жоба аясында азаматтардың экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жер күні» халықаралық мерекесінің 50 жылдығына арналған онлайн акция өткізілді. Акция барысында түрлі онлайн вебинарлар, мастер-класстар, викториналар, ұтыс ойындары және экоквест болып өтті.
Әлеуметтік жобаны іске асыру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар болған жағдайда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына хабарласуға болады. (8 7172 20-33-36, 8 7172 20-32-95, 8 7172 22-10-84).