Birgemiz: Qamqor – «Қарттарға қуаныш сыйла» акциясы Көкшетауда өтті

Жарияланған күні: 03.10.2024


Көкшетау қаласында «Birgemiz: Qamqor» жобасы аясында «Қарттарға қуаныш сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Ақмола облысының «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-офисінің еріктілері «Доброе Сердце» пансионатында тұратын 53 қарт кісілерге арнап азық-түлік себеттерін жеткізіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Еріктілер ән салып, би билеп, қарияларға арналған түрлі ойындар өткізді. Бұл іс-шара қарт адамдарға қуаныш пен жылулық сыйлады.

Акцияны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қолдауымен «Мархабат.KZ» қоғамдық қоры ұйымдастырды.