«Birgemiz» платформасында ҮЕҰ-дан ұсынымдарды қабылдау жаңартылды

Жарияланған күні: 01.09.2022


2023 жылға арналған әлеуметтік жобалар тақырыптарын қалыптастыруға қатысты ұсыныстарды қабылдау 1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
ҮЕҰ өз ұсынымдарын қабылдау Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтында жүргізіліп жатыр.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бірлескен жобасының аясында Орталықтың ресми сайтында азаматтық сектор мен қоғам өкілдеріне әлеуметтік жобалар тақырыптарын қалыптастыруға қатысты өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беретін «Birgemiz» краудсорсингтік платформасы жұмыс істеуде.
Ұсыныстар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 1 қазанына дейін қабылданады. Бұдан кейін халықтың сұранысына, мемлекеттік саясаттың басымдықтарына, заңнамалық және өзге де талаптарға сай ұсыныстар егжей-тегжейлі талдау жүргізу мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданатын болады.
Ұсыныстарды мына сілтеме арқылы жіберуге болады: https://cisc.kz/kk/15062022