Басқарма Төрағасы Нұрлан Өтешев Президенттің биылғы Жолдауын Орталық мамандарымен талқылады

Жарияланған күні: 18.01.2018


17 қаңтар күні «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Өтешев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуға арналған биылғы Жолдауын Орталық мамандарымен талқылап, басты бағыттарын түсіндіріп берді.

Нұрлан Өтешев Жолдауда көрсетілген ел дамуының негізгі бағыттарының бірі — цифрландыруды Орталық жұмысында да кеңінен қолдану керектігін айтып, биыл осы салада жоспарланып отырған біршама мақсаттарды хабарлады.

Бұдан бөлек, отырыс барысында Жолдаудағы әлеуметтік тақырыптарды мемлекеттік гранттар аясында қамту мәселесі де көтерілді. Себебі биыл жоспарланған 87 грантта біршама сала қамтылған.

Басқарма Төрағасы отырыс соңында Жолдауда айтылған мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Өз кезегінде, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қызметкерлері аталған стратегиялық құжаттың өзге де бағыттарына назар аударып, олардың маңыздылығын атап өтті.