Жарияланған күні: 27.06.2020
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Ақпарат ағыны үстемдік етіп тұрған қазіргі жаһандану заманында ақпараттың алар орны ерекше. Себебі өмірімізді бұқаралық ақпарат құралдарынсыз еш елестете алмаймыз. Бүгінгі күрделі кезеңде берекені арттырып, татулықты нығайтуда ақпарат құралдары елеулі еңбек атқарып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, жаңа биіктер мен шыңдардан көріне берулеріңізге тілекшімін.
Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, шығармашылық табыс пен шабыт тілеймін.