Басқарма Төрағасы Б. Мукина қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Жарияланған күні: 07.05.2020


Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын!

Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке -батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен елге шексіз қызмет етудің нышаны.

Халқымызда «Ер — елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт өмірімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Мереке құтты болсын, Алаштың айбынды арландары!