Басқарма Төрағасы Б. Мукина қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің 75 жылдығы​мен құттықтады

Жарияланған күні: 09.05.2020


Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке – ерен ерліктің, егеменді еліміздің рухы өрлеп, Жеңіс туы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!