Жарияланған күні: 20.06.2017
2017 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтымен серіктесе отырып, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Балалар мен жастарға патриоттық тәрбие беру және мәдениет қалыптастыру» мемлекеттік гранты аясында ExpoCamp жазғы лагерінің ашылуы өтті.
Лагерьдің ашылу салтанатына ҚР Парламентінің депутаттары, Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, салалық министрліктер, жастар ұйымдары, бизнес құрылымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
ҚАТЫСУҒА АСЫҚ!
«ЛАЙФХАК 2017» бейнеконкурсы 2017 жылдың 25 маусымына дейін ұзартылды.
Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі балалардың «ТУҒАН ЖЕР» республикалық фотоконкурсына, «ЛАЙФХАК 2017» бейнеконкурсына қатысып, ExpoCamp лагеріне жолдама жеңіп алу мүмкіндігі бар.
Конкурстарға қатысты ақпарат «Қазақстанның скауттар қозғалысы ұйымының» (Қазақстан скауттары) Facebook және Vkontakte (https://www.facebook.com/scoutskz, https://vk.com/scoutskz) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында берілген.
Конкурсқа келіп түскен бейнероликтерді төмендегі сілтеме арқылы көруге болады: