Жарияланған күні: 09.11.2019
Бүгін Алматы қаласында «Onege» отбасылық форумы басталды. Форум аясында қатысушылар Отбасы институтын күшейтуге, отбасы құндылықтарын ілгерілетуге, Алматы қаласының жетекші психологтары мен аймақтық қоғамдық ұйымдардың басшыларынан ажырасу мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараға қатысуға мүмкіндік алды.
Форумның ұйымдастырушы – «Отбасы академиясы» отбасын кешенді қолдау орталығы» ҚҚ.
«Onege» отбасылық форумы «Отбасы институтын нығайтуға және отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған отбасылық консультациялар көрсету жөніндегі әлеуметтік жобалар кешенін іске асыру» жобаның қорытынды іс-шарасы болып табылады. Жоба 6 ай ішінде мамандар үшін, сондай-ақ кең жұртшылық үшін ақпараттық шаралардың үлкен спектрін қамтиды. Жоба аясында еліміздің 9 өңірінде атаулы көмек пен кеңес берілді.
Форумның екінші күні 10 қарашада сағат 11:00 және 17:00 аралығында келесі мекен-жайда өтеді: Алматы қаласы, Достық даңғылы 52/2, «Қазазстан» қонақ үйдің Grand Ballroom. Іс-шараға қатысу тегін. Форумға қатысу үшін алдынала келесі сілтеме бойынша тіркеуге керек: https://bitly.su/UqaIv.
Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.