Азаматтық сектор өкілдері форсайт-сессия өткізді

Жарияланған күні: 30.06.2022


Форсайт-сессияның форматы азаматтық белсенділікті дамыту үшін үлкен мақсат қоюға және оларды шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі
Қоғам белсенділері жүзеге асырып жатқанн әлеуметтік жобада «Азаматтық қоғамдағы жаңа формация көшбасшылары» атты форсайт-сессияның орны бөлек.
«Бүгін біз еліміздің барлық өңірлерінен 50-ге жуық белсенді қазақстандықты шақырдық: әлеуметтік кәсіпкерлер, азаматтық сектор мен ҮЕҰ өкілдері. Біз ойын түріндегі шара аясында жаңа формация көшбасшысының портретін жасауға, қажетті құзыреттілікті, сондай-ақ коммуникацияларды құрудың жалпы тәсілдерін талқылауға тырысамыз. Мұндай кездесулер әрдайым диалог қалыптастыруға, тәжірибе алмасуға, жаңа жобалар жасауға ықпал етеді», – дейді «ТРИНТА» ЖҚ жетекшісі Юлия Натарова.
Шараға қатысушылар командаларға бөлініп, өзекті мәселелерді шешу жолдарын іздеді.
«Жаңа формацияның көшбасшылары – бұл елдің барлық өңірлерінде жобаларды белсенді іске асыратын жанашыр қазақстандықтар. Біз үшін жергілікті қоғамдастықтарда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» пен «сөйлейтін азаматтар» арасын байланыстыратын буын бола алатын көшбасшылардың пайда болуы маңызды», – дейді жоба үйлестірушісі Жадыра Анкобаева.
Форсайт-сессияны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылып жатқан гранттық жоба аясында «ТРИНТА» ЖҚ өткізіп жатыр.