Жарияланған күні: 03.06.2021
Бүгін, 3 маусымда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұжымымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуді үйлестіру жобалық офисін басқаратын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі Бағлан Айдашов кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Орталық пен жобалық кеңсенің үйлесімді жұмысы және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық жобаларын іске асыру бойынша пікір алмасты.
Атап айтқанда, “Қайырымды істер марафоны” және “Тәуелсіздік ұрпағы”жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және БАҚ арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту бойынша ортақ пікірге келді.