Жарияланған күні: 29.12.2021
Халықаралық стандарттағы серитификат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне жұмыстың тиімділігін арттыруға, гранттарды ұсыну механизмінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік береді деп хабарлайды Орталықтың баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың қараша және желтоқсан айларында «Cert INTERNATIONAL» сертификациясы бойынша Беларус мемлекеттік мекемесінің маманы екі кезеңді аудиторлық тексеруді жүргізді. Оның нәижесінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді көрсету және олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру стандартының талаптарына сәйкестігін растайтын ISO 37001:2016 халықаралық сертификатына ие болды.
Айта кетейік, ISO 37001-бұл компанияларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізуді көздейтін жаңа халықаралық стандарт. Ол сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.